Жаңалықтар

03.07.2024

Сымбат Қалиасқаров ЕЭК Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

Сымбат Бегәліұлы Қалиасқаров Қарағанды облысының Нұра ауданында туған (Қазақстан Республикасы).

С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін (2005 жылы) және Қарағанды экономика университетін (2012 жылы) бітірген.

2005 жылғы маусымнан бастап 2017 жылғы сәуірге дейін Астанада карантин және өсімдік қорғау саласында: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аумақтық басқармасының жетекші маманынан аталған министрліктің АӨК-тегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекциясы басқармасының бас сарапшысына дейін әртүрлі лауазымда жұмыс істеді.

2017 жылғы сәуірден 2024 жылғы маусымға дейін аталған салада басшылық лауазымдарды атқарды, соның ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-тегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің Өсімдіктер карантині және цифрландыру басқармасын, Ұлытау облысы және Астана бойынша АӨК аумақтық инспекцияларын басқарды.

2024 жылғы 1 шілдеден бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.