Жаңалықтар

22.01.2025

Леонид Соколов ЕЭК-тің Көлік және инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды

Леонид Николаевич Соколов 1960 жылы Қазақстанда, Семей облысының Аягөз қаласында дүниеге келген.

1984 жылы Липецк политехникалық институтын автомобильдер және автомобиль шаруашылығы мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған.

Автокөлік саласында, қалалық көлік басқармасында, Ресей министрліктері мен ведомстволарында еңбек еткен үлкен жұмыс өтілі бар.

2006-2015 жылдар аралығындағы кезеңде Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің Автомобиль және қалалық жолаушылар көлігі саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің бөлім бастығы болып жұмыс істеді.

2015-2021 жылдары Еуразиялық экономикалық комиссияның көлік саясаты бөлімінің бастығы болды.

2025 жылғы 15 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның Көлік және инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.