Жаңалықтар

18.03.2022 (Обновлено: 28.03.2022 15:40)

Одақ елдері Ауыл шаруашылығы министрлерінің орынбасарлары органикалық өнімнің айналысы мен ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымы мәселелерін қарады

17 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссияда ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалянның төрағалық етуімен Еуразиялық экономикалық одақ елдері уәкілетті органдарының қатысуымен консультациялар өтті.

Еуразиялық экономикалық одақта органикалық өнімнің ортақ нарығын қалыптастыруға қатысты бірқатар мәселелер қаралды. Сөз соның ішінде органикалық өндірістің сәйкестігі сертификаттарын өзара тану және ЕАЭО-ға үшінші елдерден органикалық өнім әкелуді реттеу жөніндегі жалпы тәсілдемелер туралы болды.

«Бүгінгі таңда Одақ елдері Комиссиямен бірлесіп бірқатар ымыраға қол жеткізді, бұл ЕАЭО-дағы органикалық өнімнің айналысы туралы келісім жобасын пысықтауды тездетуге және осы жылы елдеріміздің үкімет басшыларының тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді. Бұл құжатты қабылдау Одақта органикалық өнімнің еркін айналысын қамтамасыз етеді, сондай-ақ агроөнеркәсіп өндірісінің неғұрлым перспективалы және жоғары маржиналдық секторларының бірінде өндірушілер кооперациясы үшін жағдайлар жасайды»,- деп атап көрсетті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян.

Тараптар Одақ нарықтарындағы айналысы және үшінші елдерге экспорты кезінде АӨК өнімінің тиісті қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету үшін қажетті гендік-инженерлік материалды қамтитын ауыл шаруашылығы өсімдіктерін әкелу мен айналысын реттеудің тұжырымдамалық мәселелерін де қарады

 2017 жылғы 7 қарашадағы ЕАЭО шеңберіндегі ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының айналысы туралы келісімге тиісті өзгерістер сарапшылық деңгейде жалғастырылатын болады.

 Іс-шараға Армения Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Арман Ходжоян, Беларусь Республикасы Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрінің орынбасары Владимир Гракун, Қазақстан Республикасы Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Қуаныш Елікбаев, Қырғыз Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Азамат Мукашев, Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Максим Увайдов, «Россельхознадзор» басшысының орынбасары Юлия Швабаускене және Ресей сапа жүйесінің басшысы Максим Протасов қатысты.