Жаңалықтар

19.05.2021 (Обновлено: 21.12.2021 11:38)

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2021 жылғы 21 мамырдағы отырысы

21 мамырда Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері басшыларының, ЖЕЭК Құрметті Төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың, ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекеттер – Куба мен Өзбекстан президенттерінің, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бейнеконференция режіміндегі отырысы болады.

Күн тәртібінде – 15 мәселе. Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшыларына ЖЕЭК-тің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы тапсырмасының орындалуы туралы — Одақтың ортақ газ нарығында баға және тариф белгілеу тәсілдемелері мәселесін және үшінші елдерден газ тасымалдауға тариф белгілеу мәселесін келісу бойынша атқарылған жұмыс жайында баяндалатын болады.

Күн тәртібінде – Одақ елдерінің дәрілік препараттар және медициналық қолдану үшін фармацевтикалық субстанциялар өндірісі саласындағы ынтымақтастығы.

ЕАЭО мемлекеттерінің басшыларына Одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жою жөніндегі 2020 жылғы жұмыс нәтижелері туралы, Одақ мемлекеттерінің қызметтер көрсету саудасын, құру мен қызметті реттеу қағидаларында көзделген ережелерді 2019-2020 жылдары орындау мониторингінің нәтижелері туралы, ЕАЭО халықаралық қызметінің 2020 жылғы негізгі бағыттарын іске асыру туралы баяндамалар, Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың 20-тармағының 5-тармақшасына сәйкес ақпарат (ЕАЭО туралы шартқа № 20 қосымша), ЕЭК-тің трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйі және олардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтың жолын кесу жөнінде қолданылатын шаралар туралы 2020 жылғы жылдық есебі ұсынылатын болады.

Жоғары кеңес мүшелері мүше мемлекеттердің 2021-2022 жылдарға арналған макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарларын, ЕАЭО мемлекеттерінің ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау және тұқым шаруашылығы салаларындағы заңнамасын біріздендіруге бағытталған шаралар тізбесін, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 23 шешімімен бекітілген мүлікті бағалау бойынша қызметтер көрсету секторы бойынша ырықтандыру жоспарына өзгерістерді, кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібін сақтау мәселелері бойынша бірлескен бақылау іс-шараларын жүргізу туралы келісімді қарайды деп күтілуде.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске Қырғыз Республикасынан ЕЭК Алқасы жаңа мүшелерінің – Олег Михайлович Панкратовтың орнына ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі лауазымына Максат Суйуналиевич Мамыткановтың және Эмиль Абдыкалыевич Кайкиевтің орнына ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі лауазымына Темирбек Ишенбаевич Асанбековтың кандидатуралары ұсынылатын болады.