Жаңалықтар

24.11.2022 (Обновлено: 30.11.2022 10:19)

Ішкі нарықты қорғау - ЕЭК жұмысының маңызды бағыты

Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің ұйымдастыруымен 22 және 23 қарашада Беларусь Республикасының мемлекеттік органдары мен бизнес-қоғамдастығы үшін «Еуразиялық экономикалық одақта және үшінші елдерде ішкі нарықты қорғау шараларын қолдану» семинары өтті. ЕЭК өкілдері семинарға қатысушыларды өтініштерді дайындау және тергеп-тексерулерге қатысу тәртібі туралы хабардар етті, тиісті заңнамалық нормалар мен Одақ құқығында жоспарланып отырған жаңа енгізілімдер туралы, сондай-ақ шетелдік практикадағы тергеп-тексеру жүргізу және қорғау шараларын қайта қарау ерекшеліктері жайында әңгімеледі.

 «Ішкі нарықты қорғау шаралары бұрынғысынша өзекті. Бұл орайда ЕАЭО практикасы кеңейе түсуде. Қабылданатын жаңа енгізілімдерді жұртшылыққа жеткізу қажет»,- деп атап көрсетті Комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаменті директорының орынбасары Бюбюсара Токтоналиева.

Іс-шара барысында Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық қызмет департаментінің директоры Юрий Горелик атап өтті:

«Біз соңғы жылдары әлемде болып жатқан теңдессіз іргелі өзгерістердің куәгері болып табыламыз. Олар халықаралық саудаға да тікелей қатысты. Бірақ қазіргі ауқымды өзгерістердің арасында жариялылығы тұрғысынан шүбә келтіруге жатпайтын құрал бар, ол - ішкі нарықты қорғау құралы».