Жаңылыктар

05.10.2021 (Обновлено: 09.02.2022 09:41)

2021 жылғы тамызда ЕАЭО-дағы жұмыссыздық 66% қысқарды

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінде халықты жұмыспен қамту қызметтерінде тіркелген жұмыссыздар саны ағымдағы жылғы тамыздың соңындағы жай-күй бойынша 1,36 млн адам және өткен жылдың ұқсас айымен салыстырғанда 66,2% қысқарды.

Бұл Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаментінің жедеғабыл-шолуынан көрінеді.

Сөйтіп, жұмыссыздар саны жұмыс күшінің жалпы санының 1,5%-ын құрайды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 4,3% құрады.