Жаңылыктар

08.10.2021 (Обновлено: 14.02.2022 17:23)

Бизнес «ЕАЭО кедергілерін жою» Telegram тобында нақты уақыт режімінде мәселелерді талқылай алады

7 қазанда Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінде тосқауылдарды, алып қоюларды және шектеулерді жою жөніндегі мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастығымен Сарапшылық топтың екінші отырысы болып өтті.Кездесу ЕЭК-тің Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаментінің директоры Алмаз Сазбаковтың төрағалығымен бейнеконференция режімінде өтті. Отырысқа Одақтың бес елінен бизнес-қоғамдастықтың елуден астам өкілі қатысты. Кеңес барысында қатысушылар Беларусь Республикасы Кеден өкілдері қауымдастығы мен «Куликовский» КҮ ЖШҚ-ның кедендік реттеу мен инфрақұрылымның, тексеріп қарау және бақылау іс-шараларының проблемалық мәселелері бойынша өтінішін талқылады. Еуразиялық экономикалық одақта келіспеушіліктер мен даулы жағдаяттарды жою және тауарлардың еркін өткізілуін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі комитет үшін ықтимал шешімдер дайындауға уағдаласты.

Сарапшылық топ алаңында сондай-ақ Қазақстан Республикасының өңдеуші өнеркәсіп одағы мемлекеттік сатып алуға қол жеткізу үшін арнайы шоттарды ашу мен пайдалануға қатысты кедергілерді жою мәселесін көтерді. Қорытындысында ЕЭК Алқасының 2021 жылғы 2 ақпандағы № 10 шешімімен қабылданған Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді тосқауылдарға, алып қоюлар мен шектеулерге бөлу және тосқауылдарды жойылды деп тану әдіснамасының шеңберінде ілгерілеуге шешім қабылданды.

Ынтымақтастықты жандандыру үшін елдердің іскер топтарының өкілдері мәселелерді талқылауға ай сайынғы нақты уақыт режіміндегі онлайн-кездесулер мен Telegram мессенджеріндегі «ЕАЭО кедергілерін жою» тобына қатысу арқылы шақырылады. Мұндай құрал Одақ кеңістігінде бизнес тап болып отырған тосқауылдарды, алып қоюларды және шектеулерді жою жөніндегі Сарапшылық топ жүргізетін жұмысты одан әрі дамытуға және нәтижелілігін арттыруға ықпал ететін болады.