Жаңылыктар

08.10.2021 (Обновлено: 15.02.2022 10:39)

ЕЭК алаңында Интернетте тауар белгілеріне арналған құқықтарды қорғау жөнінде мамандандырылған шаралар әзірлеудің орындылығы талқылануда

Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Руслан Бекетаевтың басшылығымен өткен бейінді жұмыс тобының отырысында зияткерлік меншік объектілерінің Интернетте оларға қатысты қорғау жөнінде мамандандырылған шаралар әзірлеу қажет болатын түрлері қаралды.

Жұмыс тобы мүшелерінің ұсыныстары негізінде Комиссия келісім жобасын дайындады, онда Интернетте авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілерін қорғауға қатысты айрықша тәсілдемелер көзделген.

Құжат заңсыз контенті бар интернет-ресурстарды сот тәртібінде және сотқа дейінгі тәртіпте бұғаттауды, іздеу жүйелеріне бұғатталған ресурстар туралы мәліметтерді беруді тоқтатуды, сондай-ақ зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі жұмысқа провайдерлерді, байланыс операторларын және іздеу жүйелерін тарту механизмдерін бағамдайды.

«Комиссияға Интернетте тауар белгілеріне арналған құқықтарды қорғау жөнінде мамандандырылған шаралар қолдану қажеттігі туралы бизнес-қоғамдастықтан да ұсыныстар түсті»,- деп атап өтті Руслан Бекетаев.

Алайда бизнес өкілдері мен мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары бірінші кезекте Интернет желісінде авторлық құқық пен сабақтас құқықтар объектілерін қорғаудың сынамаланған механизмдерін ендіру қажет деп санай отырып, бәрі бірдей келіп түскен ұсыныстарды қолдамайды.

Зияткерлік меншік объектілерінің оларға қатысты мамандандырылған реттеу әзірленетін тізбесін ЕАЭО-ның барлық елімен келіскеннен кейін, Комиссия жұмыс тобының мүшелерімен бірлесіп, келісім жобасын мазмұнды толтыруды талқылауға көшеді.


Анықтама:

ЕАЭО шеңберінде Интернет желісінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың бұзылуына қарсы күрес бойынша келісілген тәсілдемелерді тұжырымдау жөніндегі жұмыс тобы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 24 қарашадағы «Интернет желісінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезіндегі негізгі тәсілдемелер туралы» № 21 ұсынымының 2-тармағына сәйкес қалыптастырылды. Жұмыс тобының қызметіне мүше мемлекеттердің мүдделі мемлекеттік билік органдарының өкілдері, сондай-ақ бизнес-қоғамдастығы өкілдері қатысады.

Интернет желісінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың бұзылуына қарсы күрес бойынша келісілген тәсілдемелер Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарында көзделген іс-шараларды іске асыру шеңберінде тұжырымдалады.