Жаңылыктар

24.08.2021 (Обновлено: 10.01.2022 17:52)

ЕАЭО елдері автоөндірушілерінің жыл аяғына дейін ЭРА-ГЛОНАСС орнатпауына болады

ЕАЭО-ның кедендік аумағында әзірленген M1, M2, M3, N1, N2 и N3 санаттарындағы көлік құралдарын (шассиін) шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғысымен немесе жүйесімен жарақтамауға қоса алғанда 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін жол беріледі (бұған қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдары мен балаларды тасымалдауға арнайы арналған көлік құралдары қосылмайды). Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 17 тамызда осындай шешім қабылдады.

«Өтпелі ережелерді белгілеу қажеттілігі шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғыларының немесе жүйелерінің өндірісі кезінде пайдаланылатын жартылай өткізгіштердің тапшылығынан туындайды, бұл Одақтың аса ірі автоөндірушілерінің амалсыз бос тұрып қалу тәуекелдерін тудырады», — деп түсіндірме жасады ЕЭК-тің Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директорының орынбасары Виген Енокян.

Комиссия Алқасының 2021 жылғы 17 тамыздағы №101 шешімі әзірлеушінің көрсетілген көлік құралдарын (шассилерін) 2022 жылғы 30 маусымға дейін шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен немесе жүйелерімен қосымша жарақтауға тиіс екендігін көздейді.

Бұл ретте өндірушілер тұтынушыны көлік құралдарын (шассилерін) шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғыларымен немесе жүйелерімен қосымша жарақтау және тиісті ақпаратты электрондық КҚП-да көрсету қажеттігі туралы хабардар етуге міндетті.

Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді және 2021 жылғы 17 тамыздан бастап туындайтын құқықтық қатынастарда қолданылады.