Жаңылыктар

17.09.2021 (Обновлено: 08.02.2022 09:30)

ЕЭК пен ШЫҰ Еуразиядағы жіксіз көлік байланыстылығын жетілдіру жолдарын бірлесіп пысықтайды

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович 17 қыркүйекте Душанбеде Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекеттері басшыларының саммиті шеңберінде ШЫҰ бас хатшысы Владимир Норовпен келіссөз жүргізді.

ЕАЭО мен ШЫҰ Еуразия континентінің өзегін құрайды. Қазақстан, Қырғызстан және Ресей бір мезгілде ЕАЭО-ның да, ШЫҰ-ның да мүшесі болып табылады. Беларусь ШЫҰ жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесіне ие, ал Армения – диалог бойынша әріптес. ЕАЭО-ның ҚХР-мен сауда-экономикалық келісіміне қол қойылған.

«Бұл біздің бірлестіктеріміздің өзара байланыстылығын қамтамасыз етеді»,- деп мәлімдеді ЕЭК Алқасының Төрағасы.

Михаил Мясникович пен Владимир Норов көлік-логистика саласында, сондай-ақ техникалық реттеу саласында бірлескен практикалық жұмыстың қажеттігін атап өтті.

Михаил Мясниковичтің сөзінше, ЕАЭО мен ШЫҰ-ның өзара іс-қимылы шеңберінде перспективалы көпжақты жобаларға назар аударған орынды болады.

«Бізде ҚХР-мен ынтымақтастық шеңберінде бірқатар нақты бастама бар. Мысалы, цифрлық көлік дәліздерін дамыту, даму банктері желісі бойынша бірлескен жобаларды қаржыландыру, «Еуразиялық аэроэкспресс». Осы практиканы дамытып, басқа әріптес елдерді, атап айтқанда, Үндістанды кірістіру керек деп ойлаймын»,- деп атап өтті Михаил Мясникович.

ЕАЭО - ШЫҰ форматындағы ынтымақтастық ЕАЭО-ның түйінді құжаттарының бірі - Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарында көрініс тапқан.


Анықтама:

ЕАЭО-ның ШЫҰ-ның ЕАЭО-ға кірмейтін елдерімен тауар айналымы 2016 жылғы 93,8 млрд АҚШ долларынан 2019 жылғы 158,8 млрд АҚШ долл.дейін дәйекті артты. 2020 жылы объективті себептерге байланысты ол 8,3 млрд АҚШ долл. азайды, алайда 2021 жылдың қаңтар-маусым айларының өзінде 2020 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 23% артып, 86,6 млрд АҚШ долл.құрады.