Жаңылыктар

01.12.2021 (Обновлено: 31.03.2022 17:36)

ЕЭК пен Вьетнам Еркін сауда туралы келісімді іске асыру мәселелерін талқылады

Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Вьетнам Социалистік Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрі Нгуен Хонг Зиенмен кездесу барысында Еркін сауда туралы келісімді іске асыру перспективаларын талқылады.
«Қазанда құжаттың күшіне енгеніне бес жыл толды. 2016-2020 жылдары Еуразиялық экономикалық одақтың Вьетнаммен сауда айналымы 40%-дан астам артты, ал 2021 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда тағы да 15% өсіп, 5,2 млрд АҚШ долл.жетті», — деді Андрей Слепнев.

Сонда да, министр сауданың бұдан арғы теңдестірілген өсімі үшін келісімде қатталған барлық уағдаластықты толық ауқымында жүзеге асыруға қол жеткізу қажеттігін атап көрсетті.

«Вьетнам нарығына қосылған құны жоғары өнімді жеткізуді арттыруға, атап айтқанда, келісімде олар үшін қолайлы жағдайлар жасалған басымдықты инвестициялық жобаларды іске асыру ықпал ететін болады деп санаймыз», — деп мәлімдеді Андрей Слепнев.

ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Еркін сауда туралы келісім шеңберінде тауарлардың шығарылуын сертификаттау мен верификациялаудың электрондық жүйесін құру жұмысы жалғасатынын да хабарлады. Күтіліп отырғанындай, бұл жүйе әкімшілік тосқауылдарды азайтуға және ЕАЭО мен Вьетнам арасындағы сауданы дамытуға ықпал етеді.

Өзара іс-қимылдың бірқатар ағымдағы мәселелері сындарлы арнада талқыланды. Сөз соның ішінде Вьетнам нарығына тыңайтқыштар жеткізу, сондай-ақ Вьетнамның экспорттық міндеттемелерін жеңіл өнеркәсіптің бірқатар сезімтал тауарлары бөлігінде орындауы туралы болды.

Кездесу соңында тараптар Еркін сауда туралы келісімді орындауға байланысты мәселелерді нысаналы қарау міндетіне кіретін Бірлескен комитеттің отырысын алдағы жылдың І тоқсанында өткізуге уағдаласты.

«Дәстүрлі және жаңа салалардағы салалық ынтымақтастықты тереңдету бағыттарын айқындауды алдағы кездесудің негізгі мазмұны етуге болады», — деп атап өтті Андрей Слепнев.