Жаңылыктар

31.08.2021 (Обновлено: 11.01.2022 11:44)

ЕЭК Беларусьта әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін ұзартумен келісті

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 31 тамыздағы отырысында Беларусь Республикасында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын мемлекеттік реттеу мерзімін қоса алғанда 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартумен келісті.

Беларусь Республикасында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 18 тобына (2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 17 тауар тобына енгізілді, кейін толықтырылды) және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 11 тобына (2021 жылғы 9 маусымнан бастап), соның ішінде ет, сүт, ірімшік, май, бидай ұны, қарабидай ұны, ыспаланған ақ күріш, қарақұмық жармасы, ақ қант, балалар тағамы, жас көкөністер мен алма, ет консервілері, маргарин, арпа жармасы, аспаздық ас тұзы, қара байха шәйі және басқа тауарларға мемлекеттік баға реттеу қолданылады.

Комиссияға үстіміздегі жылғы 9 тамызда Комиссия Кеңесінің мүшесі, Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Игорь Петришенкодан бағаны реттеу мерзімін қоса алғанда 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартуға ұсыныс білдірген өтініш түсті.

ЕЭК Алқасының қабылданған шешімі халық үшін әлеуметтік маңызы бар тауарларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.