Жаңылыктар

18.08.2021 (Обновлено: 10.01.2022 13:20)

Еуразиялық экономикалық комиссия 2020 жылғы жұмыс туралы жылдық есепті жариялады

Еуразиялық экономикалық комиссия 2020 жылғы жұмыс туралы жылдық есепті жариялады. Есептің негізгі идеясы «ЕАЭО Covid-19-ға қарсы. Бәріміз бірге күштіміз» слоганында өрнектелген. Кітапшада Комиссия мен мүше мемлекеттердің коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес жөніндегі бірлескен жұмысы және халықтың өмірлік маңызды қажеттіліктерін қамтамасыз ету, өзара сауданы қолдау, пандемия жағдайында тауарлардың еркін қозғалысы және кейінгі экономикалық өсу үшін жағдайлар жасау жөнінде қабылданған шаралар ұсынылған. Бұлардың ішінде - кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын, бұдан арғы экономикалық дамуды қалпына келтіру мен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасауға бағытталған жүйелі сипаттағы шараларды қоса алғанда, тұрақтандыру сипатындағы шұғыл шаралар топтамасы бар. ЕАЭО мемлекеттерінің аумағында Сovid-19 және өзге де инфекциялық аурулардың таралуын болдырмау жөніндегі денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы іс-шаралардың кешенді жоспары іске асырылды.

Комиссияның жылдық есебі ЕЭК қызметінің түйінді нәтижелері туралы ақпаратты, әлеуметтік-экономикалық статистиканы, Еуразиялық экономикалық одақ органдары туралы жалпы мәліметтерді, интеграция тарихын да өзіне кірістірген.

Жылдық есепті Протокол және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаменті Комиссия блоктарымен бірлесіп дайындады. Есеппен мына сілтеме бойынша танысуға болады.