Жаңылыктар

02.12.2021 (Обновлено: 31.03.2022 18:28)

2 желтоқсандағы ЕЭК Кеңесінің қорытындылары

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 2 желтоқсанда Екінші Еууразиялық конгресс шеңберінде өткен көзбе-көз отырысында бірқатар тауарларды таңбалау туралы бұрын қабылданған шешімдерді өзектілендірді.
ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-ның «Метрополитеннің жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентін бекітті, ол үш жылдан кейін күшіне енеді.

ЕЭК Кеңесі бәсекелестік қағидаларын бұзушылықты жою үшін алдын ала ескерту беру рәсімін айқындады.

ЕЭК Кеңесі отырысында Одақ мемлекеттері Ресей Федерациясының Одақтың «Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 047/2018) күшіне ену мерзімін 2022 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға ауыстыру туралы ұсынысын қолдады.

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-ның «Жоғары вольтті жабдықтың қауіпсіздігі туралы» регламентін тұтастай мақұлдады. Оны бекіту үшін Одақ елдерінде қажетті рәсімдер аяқталуға тиіс. Ол 2024 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді деп жоспарлануда.

Сондай-ақ ЕЭК Кеңесі 2022 жылы ЕЭК-тің 10 жылдығын мерекелеу туралы бағдарламаны бекітті. 2022 жылғы 2 ақпанда Комиссияның жұмыс істей бастағанына он жыл толады. Осы уақыт ішінде Одақ берік институционалдық және нормативтік базаға ие болды және қабылданған бағдарлама осы жұмыстың нәтижесін көрсетуге арналған.

ЕЭК Кеңесінің келесі отырысы 24 желтоқсанда Мәскеуде көзбе-көз форматта өтеді.