Жаңылыктар

18.05.2021 (Обновлено: 21.12.2021 10:48)

ЕЭК Кеңесі отырысының қорытындылары

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 18 мамырдағы отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың Карантиндік объектілердің бірыңғай тізбесіне пепино мозаикасының, томат жемісінің қоңырланып қатпарлануының және томаттың теңбілденіп солуының вирустарын кірістіруге, сондай-ақ Бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарды осы үш вирусқа қатысты азық-түлік картобының тұқымдық, отырғызу материалына, томат жемістеріне, бұрыш пен баклажанға орай арнайы нормалармен толықтыруға шешім қабылдады.


Күн сәулелік батареялар өндірісіне арналған бірқатар тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарының ставкаларын екі жыл мерзімге, техникалық тазалықтағы кристалды кремнийге қатысты 2021 жылдың соңына дейін нөлге түсіру туралы да шешім қабылданды.

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО аумағына әкелінетін ені 30 см астам, машинамен немесе қолмен тоқылатын трикотаж полотноларының жекелеген түрлеріне арналған бажды өнеркәсіптік кооперация туралы мәселенің пысықталуы кезінде нөлге түсірді. Шара уақытша негізде 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта қолданылатын болады.

ЕАЭО елдерінің бірінші бірлескен цифрлық жобасы – «Шекарасыз жұмыс» біріздендірілген іздеу жүйесін» 2021 жылғы 1 шілдеден бастап өнеркәсіптік пайдалануға беру туралы шешім қабылданды.

Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидалары толықтырылды.

ЕАЭО тауар белгілері туралы шартты іске асыру қағидалары айқындалды. ЕЭК Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауар шығарылған жерлердің атауы (ТШЖА) туралы шартқа Нұсқаулықты, сондай-ақ ЕАЭО тауар белгілерін және ЕАЭО ТШЖА тіркеу, құқықтық қорғау және пайдалану кезіндегі заңдық маңызы бар іс-қимыл түрлерінің тізбесін және оларды жасағаны үшін баж ставкаларын бекітті.

ЕЭК Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімге соңғы құжатты бекітті. Сөз ЕАЭО мемлекеттеріне шолу сапарларының қорытындылары бойынша Одақ елдерінде мемлекеттік сынамалық қадағалау келісімде көзделген тиісті деңгейде жүзеге асырылатынына көз жеткізуге мүмкіндік беретін қорытынды туралы болып отыр.

ЕЭК Кеңесінің келесі отырысы 25 маусымда болады.