Жаңылыктар

18.11.2021 (Обновлено: 09.03.2022 16:46)

ЕАЭО мемлекеттері экономикасының орнықты дамуының түйінді факторы — стратегиялық мақсаттарды және оларға қол жеткізудің нақты құралдарын айқындауға деген салмақты көзқарас

17 қарашада Ереванда өткен «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде мүше мемлекеттердің азаматтары үшін интеграцияның дамуы» халықаралық дөңгелек үстеліне қатысушылар ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық процестерді дамыту басымдықтарын талқылады.

Ресей-Армян университеті мен Еуразиялық экономикалық комиссия ұйымдастырушысы болған дөңгелек үстел отырысына мүше мемлекеттердің бейінді министрліктерінің, Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері, сондай-ақ Еуразиялық интеграция саласындағы сарапшылар қатысты.

 

«2025-Стратегиясы — ЕАЭО әлеуетін ашудың құралы» тақырыбына сөз сөйлеген ЕЭК Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Гоар Барсегян іс-шараға қатысушыларды ЕАЭО мемлекеттерінің кәсіпкерлері мен азаматтарына тікелей қатысы болатын 2025-Стратегиясының мақсаттары, міндеттері және сапалық жаңа тәсілдемелері туралы хабардар етті. Бұлар — кедендік және техникалық реттеуді жетілдіру, цифрлық шешімдерді кеңінен ендіру, өнеркәсіптік кооперацияны ынталандыру және жан-жақты жаңғыртуды қамтамасыз ету, кең халықаралық күн тәртібін іске асыру, интеграциялық күн тәртібіне жасыл технологияларды, білім беруді, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты және т.б. кірістіру арқасында мүше мемлекеттердің азаматтары үшін интеграцияның әлеуетін ашу.

 

Гоар Барсегян стратегиялық жоспарларды іске асыру мүше мемлекеттерге импорт алмастыру және экспортты өсіру процестеріне белсенді ықпал етуге мүмкіндік беретінін, осылайша Одақ елдеріндегі өндірісті жергіліктілендіруді шамамен 10% арттыруға, ЕАЭО шикізаттық емес тауарларының экспортын 22% арттыруды межелеуге мүмкіндік беретінін атап өтті. ЕАЭО мемлекеттерінің ішкі және интеграциялық әлеуетінің іске қосылуы ЕАЭО ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсу қарқынын 3,8-4%-ға қарағанда орташа әлемдік 5%-дан жоғары қамтамасыз етуге арналған.