Жаңылыктар

16.11.2021 (Обновлено: 09.03.2022 16:30)

ЕЭК Алқасы ЕАЭО-дағы 2020 жылғы өнеркәсіп өнімі нарығы мониторингінің нәтижелері туралы баяндаманы мақұлдады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 16 қарашадағы отырысында Еуразиялық экономикалық одақтағы 2020 жыл ішіндегі өнеркәсіп өнімі нарығы мониторингінің нәтижелері туралы баяндаманы мақұлдады. 
«Құжатты дайындау өнеркәсіп саласындағы түйінді стратегиялық құжатта — Одақ шеңберіндегі Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарында көзделген. Баяндама ЕАЭО өнеркәсіп өнімі нарығы параметрлерін кешенді талдауды қамтиды», — деп атап өтті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян.

 

Баяндамада, ЕЭК министрінің сөзінше, интеграциялық бірлестік мемлекеттері арасындағы, сол сияқты үшінші елдермен саудадағы кооперациялық жеткізілімдерді ізеуіртті талдау нәтижелері көрсетілген.

 

Артак Камалян 2020 жылы Одақтың өңдеуші өнеркәсібі нарығының сыйымдылығы құндық өрнегінде 782 млрд дерлік доллар құрағанын, алайда COVID-19 коронавирус пандемиясының ықпалымен 2019 жылмен салыстырғанда 93 млрд доллар немесе 10,6% қысқарғанын атап өтті. Өз кезегінде нарықтың көлемі нақтылы өрнегінде 0,3% артты.

 

ЕАЭО мемлекеттерінде өндірілген өнім көлемі 510 млрд долл., яғни нарықтың 65,3%-ын, өзара жеткізілімдер — 41 млрд долл., немесе 5,2%, үшінші елдерден импорт — 231 млрд долл., немесе ЕАЭО нарығында ұсынылған өнімнің 29,5%-ын құрады.

 

Одақ нарығындағы ұлттық өндіріс үлесінің мейлінше көп өсуі елдің өнеркәсібі үшін түйінді мына салаларда болды: фармацевтика өнеркәсібі (9,1%), металлургия (5,3%), ағаш өңдеу (3,5%), химия өнеркәсібі (3,3%), автомобиль жасау (2,1%), сондай-ақ киім өндірісі (1,2%).

«2020 жылы COVID-19 коронавирус пандемиясының әсері себепші болған қолайсыз экономикалық конъюнктураның теріс ықпалына қарамастан, өңдеуші өнеркәсіп өнімі өндірісінің нақтылы көлемі тұтастай ЕАЭО бойынша 1,4% артты. Бұл ретте пандемия жағдайында өніміне сұраныс қатты өскен салалардағы өндіріс көлемінің арту үрдісі байқалды. Бұл фарминдустрия, тоқыма өндірісі, целлюлоза-қағаз және жиһаз өнеркәсібі», — деп атап өтті Артак Камалян.
  


2020 жылдың қорытындысы бойынша тұтастай алғанда өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі өңдеуші өнеркәсіптің көптеген саласында тіркелді. Баяндамада ұсынылған нақты тауар позициялары деңгейіндегі нарықты талдау мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Одақ елдерінің өндірушілері мен тұтынушыларына интеграциялық бірлестік бойынша әріптестерінің қажеттілігі мен өндірістік мүмкіндіктері туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді, өндірістік кооперацияны дамыту үшін әріптестер іздеуге көмектеседі.

 

Алқа мақұлдаған баяндама ЕАЭО елдерінің үкіметтеріне жіберілетін болады.