Жаңылыктар

30.04.2021 (Обновлено: 29.12.2021 17:29)

Үкіметаралық кеңес 2025 жылға дейінгі өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын бекітті

Бұл орташа мерзімді стратегиялық құжат осындай ынтымақтастықтың мақсатын, міндетін, бағытын және құралдарын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өнеркәсіптің өндіруші және өңдеуші салаларындағы өзара іс-қимылының әсері арқылы сыртқы экономикалық қызметтің басымдықты түрлерін және ынтымақтастық үшін басымдықты сезімтал деп аталатын тауарлардың тізбесін айқындайды. Құжаттың арқасында әлемдік өнеркәсіп өндірісіндегі өзгерген үрдістер мен стандарттарды, сондай-ақ өнеркәсіптік ынтымақтастықтағы бүгінгі неғұрлым сұранысты бағыттарды ескере отырып, өнеркәсіптік ынтымақтастықтың түйінді басымдықтары жаңартылып, түзетілетін болады.

«Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары (ӨЫНБ) нақты құрылымға ие бола түсті және Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының логикалық жалғасуы және имплементациясы болып табылады. Одақ нарығының әлеуетін пайдалану, экспорттық нарықтардағы бірлескен жұмыс, инновациялық ынтымақтастық, өнеркәсіптік интеграцияны тереңдетудің стратегиялық бағыттары, ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік тауарларды таңбалау және қадағалап отыру жүйесін жетілдіру сияқты бағыттар қосылды. Жаңа құжат өнеркәсіптік дамудың нысаналы индикаторларының және біздің елдеріміз арасындағы өзара іс-қимылдың кең тізбесін қамтиды», — деп мәлімдеді ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян.

Артак Камалян жаңа құжаттың өнеркәсіптік ынтымақтастықтың бірқатар түйінді векторын іске асыруға бағдарланғанын атап көрсетті. Олардың арасында – Одақ нарығының әлеуетін пайдалану, экспорттық нарықтардағы бірлескен жұмыс, инновациялық ынтымақтастық және өнеркәсіпті цифрландыру, өнеркәсіптік интеграцияны тереңдетудің стратегиялық бағыттары, ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік тауарларды таңбалау және қадағалап отыру жүйесін жетілдіру, ақпараттық өзара іс-қимыл және талдамалы қызмет бар.

ЕАЭО мемлекеттері үкіметтерінің басшылары Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары Одақтағы өнеркәсіпті дамытудың өзекті үрдістеріне сәйкес келетінін атап өтті. Құжатты қабылдау 2025 жылға дейін кооперацияны тереңдету үшін құқықтық және ұйымдастырушылық негіз жасайды.