Жаңылыктар

12.10.2021 (Обновлено: 16.02.2022 14:30)

ЕЭК министрі Артак Камалян «Биокад» фармацевтика кәсіпорнында болды

Санкт-Петербургке іскерлік сапары барысында Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян «Биокад» фармацевтика кәсіпорнының ғылыми-өндірістік орталығында болды.

Сапар барысында Артак Камалян өндірістік желілерді, ғылыми және зертханалық үй-жайларды аралап көрді, сондай-ақ компания басшылығымен фармацевтиканы дамыту перспективаларын талқылады.

ЕЭК министрі Комииссияның осы салада жүргізіп жатқан жұмысы туралы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерін өндірісі 2024 жылға дейін жолға қойылуға тиіс стратегиялық маңызды дәрілік препараттармен және медициналық қолдануға арналған фармацевтикалық субстанциялармен қамтамасыз ету деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы айтып берді.

«Біздің мақсатымыз – фармацевтикалық бизнес үшін ол қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті өнім өндіріп, ішкі нарықтың қажеттілігін қанағаттандыра отырып, тұрақты дами алатындай жағдай жасау. Біздің жоспарымызды іске асыру әрі ЕАЭО елдерінің ғылыми-зерттеу және өндірістік әлеуеттерін біріктіру сезінерліктей синергетикалық нәтиже береді деп санаймыз. Бұл фактор COVID-19 коронавирус пандемиясының бірінші толқынының салдарынан осы уақытқа дейін күшті теңгерімсізденген Одақтың фармацевтика нарығын тұрақтандыруға ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге қолданыстағы нарықтық модельге инновациялар да қосып қояды»,- деді Артак Камалян.

Артак Камалян жоспарды дайындау туралы өкім үстіміздегі жылғы 21 мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қабылданғанын атап көрсетті. Бұл жұмыстың басты мақсаты - ЕАЭО елдерінің стратегиялық маңызды дәрілік препараттармен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру және Одақта оардың өндірісін жолға қою. ЕЭК министрі оның әрбір Еуразиялық мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті.

«Биокад» фармацевтика компаниясының өкілдері, өз кезегінде, шығарылатын өнімнің номенклатурасы туралы, соның ішінде коронавирусқа қарсы меншікті гендік-терапевтік платформаны тірек-негіз ететін вакцина әзірлеу туралы айтып берді. Препаратты клиникалық сынауды бастауға Ресей Денсаулық сақтау министрлігі биылғы шілде айында ресми рұқсат берді.

«Биокад» ЖАҚ бас директорының орынбасары Алексей Торгов Комиссияның ЕАЭО-да фармацевтика саласын дамыту жөнінде жүргізіп жатқан жұмысының маңызды және уақытылы екенін атап өтті.


Анықтама:

«Биокад» ЖАҚ – Ресейдің негізі 2001 жылы қаланған инновациялық биотехнологиялық компаниясы.

Ғылыми-зерттеу орталықтарын, фармацевтикалық және биотехнологиялық өндірісті, клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулер жүйесін біріктіреді және обырды, аутоиммунды және орфанды ауруларды емдеу үшін біртума фармсубстанциялар мен препараттарды жасап, өндіруде мол тәжірибесі бар.

Компанияның өндірістік қуаттарында «Спутник V» және «Спутник Лайт» вакциналарын шығару жүзеге асырылады.