Жаңылыктар

21.06.2021 (Обновлено: 30.12.2021 11:52)

Тамақ өніміне арналған мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу бағдарламасы жаңартылды

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 21 маусымда «Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентке мемлекетаралық стандарттар әзірлеу жөніндегі бағдарламаның жаңа редакциясын бекітті.



Бағдарламада мемлекетаралық 58 жаңа стандарттар әзірлеу көзделеді: олардың бірі Беларуське, 18-і – Қырғызстанға, 9-ы – Қазақстанға, 30-ы – Ресейге бекітілген.

Осы мемлекетаралық стандарттар тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерін (нан-бөлке және кондитерлік өнімдер, ет, көкөніс, шәй өнімдері және бірқатар басқа да) сәйкестендіру үшін дайындалған.

Бұдан басқа, техрегламенттің талаптарына сәйкестікті бағалау кезінде зерттеулер жүргізу үшін БАД-тардағы макро және микронутриенттерді, жеміс-көкөніс, жеміс-жидек және өсімдік өнімі үшін санитариялық-паразиттік сараптаманы айқындау әдістеріне, сондай-ақ антибиотиктерді, хлор-органикалық пестицидтерді, пробиотикалық микроорганизмдерді, тамақ өніміндегі ферроқоспаларды айқындау әдістеріне мемлекетаралық стандарттар әзірленетін болады.

Бағдарламаның жаңа редакциясында 45 мемлекетаралық стандартқа өзгерістер енгізу көзделеді, олардың 44-ін Ресей, біреуін – Беларусь әзірлейтін болады.

Бағдарлама ЕАЭО елдерінің ұсыныстарына сәйкес, сондай-ақ бағдарламаның қолданыстағы редакциясын іске асыру ескеріле отырып дайындалған.