Жаңылыктар

18.05.2021 (Обновлено: 21.12.2021 10:37)

ЕАЭО-ның тауар белгілері туралы шартты іске асыру қағидалары айқындалды

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одақтың тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атауы (ТШЖА) туралы шартқа Нұсқаулықты бекітті.


Нұсқаулық шартта белгіленген нормаларды іске асыру ережелерін қамтиды. Олардың арасында ЕАЭО тауар белгісіне және ЕАЭО ТШЖА өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптар және беру тәртібі; мәлімделген белгіленімдерге сараптама жүргізу тәртібі; ЕАЭО тауар белгісін және ЕАЭО ТШЖА тіркеу тәртібі; ЕАЭО тауар белгілерінің және ЕАЭО ТШЖА бірыңғай тізілімдерін жүргізу тәртібі; Одақ елдерінің ұлттық патенттік ведомстволарының бірімен бірі және Комиссиямен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау тәртібі; іс жүргізу құжаттарының барлық қажетті нысандары бар.

Бұдан басқа, Комиссия Кеңесі ЕАЭО тауар белгілерін және ЕАЭО ТШЖА тіркеу, құқықтық қорғау және пайдалану кезіндегі заңдық маңызы бар іс-қимыл түрлерінің тізбесін және оларды жасағаны үшін баж ставкаларын бекітті. Мүше мемлекеттердің әрқайсысы өз заңнамасында Кеңес бекіткен бірыңғай ставкалар негізінде өтініш берушілер төлеуге тиіс баждардың мөлшерін белгілейді.

Нұсқаулықтар мен баж ставкаларын бекіту ЕАЭО тауар белгілерін және ЕАЭО ТШЖА тіркеудің өңірлік жүйесін қалыптастырудағы кезекті қадам болып табылады. Жаңа рәсімдер ЕАЭО-ның барлық елдерінің аумағында бір мезгілде осы объектілердің құқықтық қорғалуын алуды айтарлықтай дәрежеде оңайлатады және жеделдетеді, бұл ретте кәсіпкерлердің қаржылық және еңбек шығындары азаяды, әкімшілік тосқауылдар жойылады.