Жаңылыктар

18.11.2021 (Обновлено: 09.03.2022 16:49)

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы санаулы құрамда болып өтті

Бүгін Ереванда Еуразиялық экономикалық одақ елдері үкіметтері басшыларының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының қатысуымен санаулы құрамда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы көзбе-көз форматта болып өтті.


ЕАЭО мемлекеттерінің Премьер-министрлері ЕАЭО мемлекеттерінің металлургия кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету жөніндегі 2021–2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті, климаттық күн тәртібі шеңберінде Одақ мемлекеттері позицияларын жақындастыру жөніндегі жұмыс барысы туралы ақпаратты тыңдады.

 

ЕАЭО елдері үкіметтерінің басшылары ЕАЭО-да тасымалдарды қадағалап отыру үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді, ЕАЭО-ның Биологиялық қауіпсіздік стратегиясының жобасын, электрондық сауда мәселелерін қарады.

 

Күн тәртібінде сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін, оларға қатысты сериялы өнімнің шығарылған жері туралы сертификатты пайдалануға жол берілетін тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізу мәселелері, ЕАЭО-ның және үшінші елдердің өндірушілері үшін Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтар сатып алу бағдарламасына қатысудың тең жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері, Одақтың «Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы» техрегламентіне өзгерістер және басқа бірқатар мәселе болды.