Жаңылыктар

12.11.2021 (Обновлено: 03.03.2022 11:53)

ЕЭК Кеңесі ЕАЭО-да өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2025 жылға дейінгі негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі жол картасын бекітті

12 қарашада Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі осы жылғы сәуірде Еуразиялық үкіметаралық кеңес қабылдаған Еуразиялық экономикалық одақтағы өнеркәсіптік ынтымақтастықтың 2025 жылға дейінгі негізгі бағыттарын (25-ӨЫНБ) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті.


ЕЭК-тің тиісті өкімі Одақ елдерінің уәкілетті органдарымен бірлесіп Комиссияның өнеркәсіп блогы жүзеге асыратын 2025-ӨЫНБ іске асыру жөнінде жүйелі әрі тиімді жұмысты ұйымдастыруға көмектеседі.

«Бекітілген жоспар — ЕЭК пен ЕАЭО елдерінің үйлесімді бірлескен жұмысының нәтижесі. Құжат мазмұны бойынша барынша толымды және өнеркәсіптік ынтымақтастықтың барлық қатысушысының көзқарасы тұрғысынан объективті болуы үшін біз сарапшылық деңгейде келіссөздер мен консультацияла сериясын өткіздік», — деп атап өтті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян.

Артак Камалянның сөзінше, жоспар ЕЭК пен Одақтың уәкілетті органдары таяудағы жылдары сол бойынша жұмыс істейтін жол картасын білдіреді.

«Құжат 2025-ӨЫНБ-да қатталған барлық алты бағыт бойынша тиісті іс-шаралардың тізбесін кірістіреді. Көзделген барлық іс-шара бойынша жауапты орындаушылар, оларды іске асырудың мерзімі мен нақты нысаны айқындалған», — деп атап көрсетті ЕЭК министрі.

2025-ӨЫНБ — бұл орташа мерзімді стратегиялық құжат, ол ынтымақтастықтың мақсатын, міндеттерін, бағыттары мен құралдарын, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өнеркәсіптің өндіруші және өңдеуші салаларындағы өзара іс-қимыл призмасы арқылы экономикалық қызметтің басымдықты түрлерін және ынтымақтастық үшін басымдықты сезімтал деп аталатын тауарлардың тізбесін айқындайды. Құжаттың арқасында әлемдік өнеркәсіп өндірісіндегі өзгермелі үрдістер мен стандарттарды, сондай-ақ өнеркәсіптік ынтымақтастықтың бүгінгі неғұрлым сұранысты бағыттарын ескере отырып, өнеркәсіптік ынтымақтастықтың түйінді басымдықтары жаңартылды және түзетілді.

«Құжат Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының қисынды жалғасуы және имплементациясы болып табылады. 2025-ӨЫНБ-ға жаңа бірқатар бағыт кірістірілген. Бұлар — Одақ нарығының әлеуетін пайдалану, экспорттық нарықтардағы бірлескен жұмыс, инновациялық ынтымақтастық, өнеркәсіптік интеграцияны тереңдетудің стратегиялық бағыттары, ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіп тауарларын таңбалау мен қадағалап отыру жүйесін жетілдіру. Бұл құжат — 2025 жылға дейін Одақта өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және тереңдету үшін құқықтық негіз», — деп түйіндеді Артак Камалян.