Жаңылыктар

20.08.2021 (Обновлено: 10.01.2022 15:08)

ЕАЭО-да органикалық өнімнің бірыңғай нарығын құру бастау алды

20 тамызда Үкіметаралық кеңес отырысында Еуразиялық экономикалық одақта органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің ортақ нарығын қалыптастыру жөніндегі жол картасы бекітілді. Бұл Еуразиялық экономикалық комиссияға Одақ елдерімен бірлесіп, халықаралық шарт әзірлеуге кірісуге мүмкіндік береді, оны қабылдау ЕАЭО-да органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің еркін өткізілуін қамтамасыз етеді. Келісімнің түйінді ережесі осындай өнімнің өндірісіне және таңбалануына қойылатын талаптарды біріздендіру болады, бұл Одақта оның өндірісін сертификаттау жүйесін өзара тануға негіз қалайды.

Органикалық ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін, импортын және айналысын статистикалық есепке алуды қалыптастыру және біріздендіру мәселелерін пысықтау да көзделген.

Сарапшылық бағалауларға сәйкес, бүгінде органикалық ауыл шаруашылығында іске қосылған алаңдар үлесі ЕАЭО-дағы жалпы егіндік жердің 1%-ынан аспайды, ал өндіріс шикізаттық мамандануымен сипатталады.

«Жол картасын қабылдап, кезең-кезеңді имплементациядан кейін органикалық сектордың даму қарқыны Еуразиялық экономикалық одақта айтарлықтай өседі деп күтудеміз. Бірыңғай нарық талаптары өндірісті әртараптандыруға және ЕАЭО елдерінің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің кооперациясы негізінде органикалық өнімді өңдеуді тереңдетуге ықпал ететін болады», — деп атап көрсетті Артак Камалян.


Жол картасын іске асырудың қорытындылаушы сатысы - Комиссияның мүше мемлекеттерде өндірілген органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің үшінші елдердің нарығына қолжеткізуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Одақ елдеріне ұсынымдар дайындауы болады.

«Келісім осы саладағы халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленетін болады, бұл перспективада меммлекеттеріміздің өндірушілеріне органикалық өнімді ЕАЭО-дан сыртқы сыйлықақылы нарықтарға жеткізуге көмектеседі. Атап айтқанда, Халықаралық органикалық ауыл шаруашылығы федерациясымен (IFOAM) ынтымақтасуды жоспарлап отырмыз», — деп атап өтті ЕЭК министрі.


Органикалық ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (FiBL) деректеріне сай, соңғы онжылдықтарда органиканың әлемдік нарығы 106 млрд евродан асып түсіп, орнықты өсім көрсетуде. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің табиғи-ресурстық әлеуеті бұл нарықтан айтарлықтай үлес алуға мүмкіндік береді. Қазір Одақтың әрбір елінде органикалық өнімнің өндірісі мен айналысы туралы өз заңдары қолданылады және қолданыстағы заң актілерінде елеулі айырмашылықтардың болуы мұндай тауарлардың ЕАЭО-дағы еркін айналысына шектеу жасайды.
«ЕЭК-тің міндеті – ЕАЭО елдері арасында органикалық өнімнің тосқауылсыз айналысын қамтамасыз ету, бұл агроөнеркәсіптік өндірістің ең перспективалы әрі маржиналдық бағыттарының бірінде өндірушілер ынтымақтастығын дамытуға мүмкіндік береді», — деп қорытындылады ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян.