Жаңылыктар

10.12.2021 (Обновлено: 04.04.2022 17:14)

ЕАЭО-да аудиторлық қызметтердің көрсетудің бірыңғай нарығы қалыптастырылады

10 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде аудиторлық қызметті жүзеге асыру туралы келісім жобасына қол қойды.

Келісім аудиторлық ұйымдар мен жеке аудиторлардың құрылуына және қызметіне қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды, сондай-ақ аудиторлық қызметті жүргізу құқығының пайда болуы мен тоқтатылуының бірыңғай тәртібін бекітеді.


«Келісімнің басты мақсаты – ЕАЭО-ның аудиторлық көрсетілетін қызметтерінің бірыңғай нарығын қалыптастыру, бұл бір мемлекеттің аудиторлық ұйымына Одақтың басқа елінде аудиторлық қызметті жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Келісім күшіне енгеннен кейін аудиторлық қорытындылар Еуразиялық «бестік» елдері аумағында өзара танылатын болады»,- деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Руслан Бекетаев.
 

Келісімде аудиторлардың кәсіби этикасына қойылатын бірыңғай талаптар және аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын сырттай бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі де көзделген.