Жаңылыктар

27.09.2021 (Обновлено: 08.02.2022 16:27)

ЕАЭО-да ішкі нарықтың жұмыс істеуіне қазір әрекетті алып қоюлардың әсері бағаланады

Еуразиялық экономикалық комиссия «Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуіне қазір әрекетті алып қоюлардың әсерін бағалау» тақырыбы бойынша ғылыми-зертттеу жұмысын (ҒЗЖ) орындауға шарт жасасу құқығына арналған ашық конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Жұмыстың мақсаты – Одақтың ішкі нарығындағы қазіргі бар алып қоюлардың әрекетінің және күшін жоюдың жалпыэкономикалық және секторлық әсерлерін айқындау, сондай-ақ осы саладағы интеграциялық процестерді дамытуға қатысты ұсыныстар тұжырымдау.

«Төрт еркіндік қағидатын іске асыру үшін кедергілерді жою мәселелері Еуразиялық экономикалық комиссияның күн тәртібінің басты басымдықтарының бірі болып табылады. Одақтың ішкі нарығындағы алып қоюларды барынша қысқарту үшін ЕАЭО елдері бұл жұмысты жүйелі жүргізуі қажет. Комиссия өз тарапынан бұл мәселелерді шешуге барынша жәрдем көрсетуге дайын»,- деп атап өтті ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, АКТ жөніндегі министрі Гегам Варданян.

ҒЗЖ жүргізу қорытындылары бойынша Одақтың ішкі нарығындағы қазіргі бар алып қоюлар әрекетінің және күшін жоюдың экономикалық әсерін бағалау әдістемесін әзірлеу, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығына оның жойылуы мейлінше көп дәрежеде оң экономикалық әсерін тигізетін алып қоюды айқындау жоспарланып отыр.  

Барлық мүдделі тұлғаларды конкурсқа қатысуға шақырамыз. Орындаушыға қойылатын талаптар туралы ақпарат Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында «Сауда-саттық» бөлімінде орналастырылған (№944 хабарлама).

Ашық конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер 2021 жылғы 8 қазанға дейін қабылданады, ал қорытындысы 20 қазанда шығарылады.