Жаңылыктар

20.08.2021

ЕАЭО-да мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін ауыл шаруашылығы тракторлары мен автомобильдер өндірісінің шарттары айқындалды

Мемлекеттік сатып алу мақсаты үшін өнеркәсіптік тауарлардың шығарылған елін (ТШЕ) айқындау қағидалары арнаулы машина жасау (ауыл шаруашылығы тракторлары) және автомобиль жасау өндірісінің шарттарымен толықтырылды. Бұл туралы 19 тамызда Чолпон-Атада (Қырғыз Республикасы) Еуразиялық үкіметаралық кеңес барысында ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиев хабарлады.

2020 жылғы 4 желтоқсандағы ЕҮК № 18 тапсырмасына сәйкес Комиссия Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің уәкілетті органдарымен және бизнеспен жұмыс қорытындысы бойынша екі саланың – «автомобиль жасау» және «арнаулы машина жасау» тауарлары бойынша өндіріс шарттарын қабылдады. Бұдан басқа, «энергетикалық машина жасау, электр техникасы және кабель өнеркәсібі» саласы бойынша қорғасын аккумуляторларының екі түрінің өндіріс шарты алдын ала келісілді және ТШЕ қағидаларына кірістірілді. Қағидаларға сәйкес осы шарттарды орындау кезінде тауар ЕАЭО-да шығарылған болып есептеледі.

«Кооперация, мемлекеттердегі өзара толықтырылатын өндірістік тізбектерді дамыту өндіріс шарттарын әзірлеу кезінде мемлекеттік сатып алу нарығына қолжетімділікті қамтамасыз етумен тең дәрежеде түйінді элемент болды», — деп түсіндіріп өтті Арман Шаққалиев.

Еске сала өтсек, ТШЕ қағидаларын іске асыру үшін Комиссия сәуірден бастап өзіне меншікті ақпарат ресурсын – Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлардың цифрлық тізілімін іске қосты. Ол ЕЭК сайтына орналастырылған және бүгінгі таңда отыз екі өндірушінің 3,6 мыңнан астам тауарын өзіне кірістіріп отыр.

ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блогы Еуразиялық тізілімге мәліметтерді кірістіру рәсімдерін түсіндіру мақсатында қоғамдық қабылдаулар шеңберінде ЕАЭО елдерінің бизнес өкілдері үшін вебинарлар мен онлайн-сабақтар өткізеді: https://eec.eaeunion.org/comission/direction/caa/public_reception/.

Тараптардың ұсыныстары негізінде Комиссия өнімдердің жиынтық тізбесін қалыптастырды, ол бойынша ЕАЭО елдерінің бейінді мемлекеттік органдарымен, бизнес-қауымдастықтарымен және өндірушілерімен бірлесіп, екі жүзден астам тауар позиициясы өндірісінің ортақ шарттары пысықталатын болады.

 

Анықтама

Жиынтық тізбеге соның ішінде лифт жабдығы, радиоэлектроника және кабель өнімі кірістірілген.