Жаңылыктар

10.12.2021 (Обновлено: 06.04.2022 12:04)

ЕАЭО-да 2022 жылға арналған халықаралық қызметтің негізгі бағыттары бекітілді

10 желтоқсанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары 2022 жылға арналған халықаралық қызметтің негізгі бағыттарын мақұлдады. Құжат екі бөлімді кірістіреді. Бірінші бөлімде үшінші елдермен, өңірлік интеграциялық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықтың қазірдің өзінде құрылған механизмдерін дамыту ерекшеліктері айқындап көрсетілген. Екінші бөлімде ықтимал перспективалы әріптестер айқындалған.

Құжатта айтылғандай, 2022 жылы ЕАЭО үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен (ТМД), Еуропалық одақпен (ЕО), Шанхай ынтымақтастық ұйымымен (ШЫҰ), Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығымен (АСЕАН), «Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы» (АТЭЫ) форумымен, сондай-ақ Үлкен Еуразиялық әріптестік идеясын іске асырудың негізі ретінде Еуразияның қарымды өңірлік экономикалық бірлестіктерімен және аса ірі ұлттық экономикаларымен ынтымақтастық басымдықты. Бұдан бөлек, түйінді бағыттар арасында – ЕАЭО мемлекеттерінің экспорттық әлеуетін іске асыруға жәрдемдесу, жасыл экономика саласында өңірлік интеграциялық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл, Одақты әлемдік және өңірлік жайғастыру жөнінде жүйелі жұмыс жүргізу бар.

Жасасылған меморандумдар мен декларациялар шеңберінде бірқатар шетелдік әріптестермен, соның ішінде жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру арқылы Вьетнаммен, Сербиямен, Сингапурмен, преференциялы сауда келісімдеріне сәйкес Иранмен және Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қытаймен ынтымақтастықты жалғастыру жоспарлануда.

АСЕАН мүше мемлекеттерімен және Одақпен өзара іс-қимылға мүдделі басқа да елдермен өзара іс-қимылды дамыту үшін институционалдық негізді қалыптастыру бойынша, Комиссияның ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қоюы мақсатында Мысырмен, Израильмен, Үндістанмен және еркін сауда туралы келісім жасасу туралы келіссөздер шеңберінде Иранмен, сондай-ақ ЖЕЭК келіссөздерді бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда Индонезиямен және Моңғолиямен жұмыс жалғастырылатын болады.

«Одақтың халықаралық қызметін Еуразиялық экономикалық интеграцияның өзекті міндеттерін шешуге, дәлірек айтқанда: экспортты дамытуға, көлік және энергетика инфрақұрылымына, өнеркәсіптік кооперацияға, жаңа технологияларды ендіруге, инновациялар және цифрлық технологиялар саласында Одақтың озат тәжірибесінің экспортына және басқаларға бағдарлау қажет. Мүше мемлекеттердің кәсіпорындарының үшінші елдердің нарықтарына бірлесіп шығуы үшін жағдайлар жасау жұмысын жандандыру қажет»,- деп атап өтілген бандамада.

Халықаралық қызметтің негізгі бағыттарында Комиссия құзыретінің әртүрлі мәселелері бойынша ЕЭК-тің БҰҰ Орнықты даму мақсаттарын және басқа да озық жаһандық бастамаларды іске асыру тұрғысында БҰҰ-мен және оның мамандандырылған институттарымен өзара іс-қимылды қоса, әмбебап және бейінді халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығына баса көңіл бөлінген.

Сондай-ақ 2022 жылы ЕЭК ЕАЭО Іскерлік кеңесімен тығыз жүмысты және мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастығымен диалогты жалғастырады.