Жаңылыктар

04.08.2021 (Обновлено: 10.01.2022 10:38)

ЕАЭО-да сыртқы электрондық сауда саласында пилоттық жобаны іске асыруға арналған құжаттар бекітілді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 3 тамызда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде интернет-алаңдардан тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласындағы пилоттық жобаны іске асыруға мүмкіндік беретін құжаттар пакетін бекітті.  Қабылданған құжаттар жедеғабыл жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны және декларация бергенге дейінгі тауарлар шығару туралы мәлімдеуді – оңайлатылған кедендік декларацияны толтырудың ерекшеліктерін айқындайды. Электрондық кеден құжаттары құрылымдарының деректемелерін толтыру қағидаларына да өзгерістер дайындалған.
Бұдан басқа, интернет желісінде сатып алынған тауарлардың қосымша санаты көзделеді, олар декларация берілгенге дейінгі шығарылымға орай мәлімделуі мүмкін, бұл шығарылымды және халықаралық интернет-алаңдарда онлайн-тапсырыстар ресімдеген жеке тұлғалар - түпкілікті тұтынушыларға жеткізуді жеделдетуге мүмкіндік береді.
«Дайындалған құжаттар пакеті пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде қолданылатын болады және кедендік операцияларды жасаудың таңдап алынған технологиясын сынап көруге және оны Одақ құқығында дұрыс бекітуге мүмкіндік береді. Осымен қатарлас ЕАЭО-ның Кеден кодексіне өзгерістер енгізу туралы хаттамамен жұмыс жалғастырылады, бұл электрондық сауда тауарлары ұғымын және электрондық сауда операторы қызметін заңды түрде бекітеді, сондай-ақ кедендік декларацияның жаңа түрін – электрондық сауда тауарларына арналған декларацияны белгілейді», — деп атап өтті ЕЭК Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Максат Мамытканов.

Анықтама

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде сыртқы электрондық сауда саласындағы пилоттық жобаны (экспериментті) жүргізудің жекелеген мәселелері туралы» 2021.05.04. № 7 өкіміне сәйкес пилоттық жоба бойынша жұмыс 2021.1.07. бастап 2022.31.12. дейінгі аралықтағы кезеңде жүргізілетін болады. Бұл ретте оның нақты қолданылуы 2021 жылғы қарашадан басталады.