Жаңылыктар

27.09.2021 (Обновлено: 08.02.2022 16:24)

ЕЭК-те Одақтағы сутегі энергетикасын дамыту перспективалары қаралды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян мен «Сутегі энергетикасы және электр-химиялық технологиялар» ұжымдық пайдалану федералдық орталығының ғылыми жетекшісі Николай Кулешовтың кездесуінде Еуразиялық экономикалық одақта сутегі энергетикасын дамыту перспективалары қаралды.

Іс-шараға Комиссияның сауда блогының өкілдері де қатысты.

Кездесу барысында тараптар Еуропаның, Жапонияның, АҚШ-тың, ЕАЭО мемлекеттерінің мысалында сутегі энергетикасын дамытудың әлемдік үрдістерін; сутегіні өндіру, сақтау, тасымалдау және өнеркәсіптің әртүрлі саласында қолдану технологияларын; Одақтағы «жасыл» сутегі өндірісі саласындағы өзекті ғылыми әзірлемелерді талқылады.

«ЕАЭО-да сутегі нарығын біртіндеп арттыруға ықпал ететін бірнеше фактор бар. Бұл - Париж келісім міндеттемелерін орындау үшін СО2 шығарындыларын қысқарту қажеттігі, іштен жану қозғалтқыштарынан кезең-кезеңмен бас тартуға байланысты отынға көліктік қажеттілікті қанағаттандыру, өнеркәсіптің базалық салаларын көміртексіздендіру. Бұл факторлар жаһандық климаттық күн тәртібімен тікелей байланысты, сол себепті бүгінде сутегі саласын дамыту біздің елдеріміз үшін басты маңызға ие болып отыр»,-деп атап өтті Артак Камалян.

«ЕАЭО-да сутегі нарығын біртіндеп арттыруға ықпал ететін бірнеше фактор бар. Бұл - Париж келісім міндеттемелерін орындау үшін СО2 шығарындыларын қысқарту қажеттігі, іштен жану қозғалтқыштарынан кезең-кезеңмен бас тартуға байланысты отынға көліктік қажеттілікті қанағаттандыру, өнеркәсіптің базалық салаларын көміртексіздендіру. Бұл факторлар жаһандық климаттық күн тәртібімен тікелей байланысты, сол себепті бүгінде сутегі саласын дамыту біздің елдеріміз үшін басты маңызға ие болып отыр»,-деп атап өтті Артак Камалян.

Сутегі кеңесінің бағалаулары бойынша, сутегіне әлемдік сұраныс бүгінде жылына 116 млн тоннаға жуықтайды. Сутегінің аса ірі пайдаланушылары - мұнай өңдеу (жиынтық сұраныстың 33%-ы), аммиак өндірушілер (27%), метанол өндірушілер (10%) және металлургтер (3%). Әлемде сутегін тұтыну жыл сайын өсіп келеді. Ол 1975 жылдан бері 3 еседен астам артты.

Сутегі жаңа энергия жеткізуші болып табылады, ол климаттық міндеттерді шешу үшін қарастырылады әрі өнеркәсіп, көлік, энергетика және құрылыс салаларында энергияны жинақтау, сақтау мен жеткізу үшін пайдаланылуы мүмкін.

Осыған байланысты, кездесуге қатысушылар атап өткендей, Одақ мемлекеттері сутегімен байланысты жобаларды әзірлеу саласында бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін бастауға тиіс, бұл ЕАЭО елдеріндегі сутегі энергетикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Николай Кушнарев электролизер өндіретін бірлескен кәсіпорындардың да осындай перспективалы жоба бола алатынын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Одақта ғылыми-зерттеу ұйымдарының, сондай-ақ сутегі энергетикасы саласындағы өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын пысықтауға мүдделі өндірушілер мен тұтынушылардың қатысуымен жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа қол жетті.

 

Анықтама:

«Сутегі энергетикасы және электр-химиялық технологиялар» ұжымдық пайдалану федералдық орталығы 2004 жылы «Мәскеу энергетика институты» Ұлттық зерттеу университеті ректорының бұйрығымен құрылған және Ресей Федерациясындағы ұжымдық пайдалану орталықтары желісіне кіреді. Орталықтың қызмет бағыттарының бірі – сутегі энергетикасы, электр-химиялық технологиялар саласындағы зерттеулер, электр-химиялық әдістер негізінде энергия түрлерін өзгерту болып табылады.

Сутегі кеңесі 2017 жылдан бері жұмыс істейді. Халықаралық ұйымның міндеті – елдердің үкіметтері деңгейінде, бизнес-ортада және азаматтық қоғамда отындық элементтердің және баламалы энергетиканың технологияларын ілгерілету. Сутегі кеңесінің құрамына жетекші әлемдік кеме қатынасы компаниялары мен автоконцерндердің басшылары кіреді. Кеңеске қатысушылардың пікірінше, бүгінде әлемдік энергетикада дағдарыстан кейінгі қалпына келтірудің бетбұрысты сәті туды. Осы ретте сутегі базасындағы шешімдер бұдан да таза әрі орнықты әлемдік экономиканы құруға көмектесе алады.