Жаңылыктар

07.10.2021 (Обновлено: 14.02.2022 17:15)

ЕАЭО-да тауарлардың сыртқы электрондық саудасында «бондтық» қоймалардың әлеуеті іске қосылуы мүмкін

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде тауарлардың сыртқы электрондық саудасын кедендік реттеудің жаңа тұжырымдамасы талқылануда, ол алушыларға - жеке тұлғаларға тауар өткізген кезде «бондтық» қоймалар деп аталатындарды (ЕАЭО КК бойынша - кедендік қоймалар) пайдалану мүмкіндігін қамтиды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры Сергей Владимиров Ресей Федерациясының СӨП кеден саясаты жөніндегі кеңесі ұйымдастырған конференцияда айтты.

«Бондтық» қоймаларда жеке тұлғалардың интернет-алаңдар арқылы өткізетін шетелдік тауарларын сақтауға болады. Мұндай қойманың айрықша мәртебесі тауарды кедендік төлемдер төлемей сақтауға мүмкіндік береді. Оларды жеке тұлғаға өткізгеннен кейін белгілі бір кезең өткен соң кедендік төлемдерді төлеу мүмкіндігі болады деп бағамдалуда.

Конференцияда кедендік қоймалардың жұмыс істеуі мен дамуының әртүрлі аспектілері сөз етілді, «бондтық» қоймаларды пайдаланудың халықаралық практикасы және т.б.талқыланды.Сергей Владимиров электрондық сауданы толық мәнінде реттеу үшін Одақтың қолданыстағы кеден заңнамасы жеткіліксіз екенін және сол себепті 2020 жылы Комиссия алаңында ЕАЭО КК-ке өзгерістер дайындау жөніндегі жұмыс басталғанын атап көрсетті.

«Бүгінде Комиссия алдында сыртқы электрондық сауданы жаңа реттеудің тиімділігі мен пәрменділігін кешенді талдау міндеті тұр. Сол себепті 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін Одақтың нормативтік базасын қалыптастырумен қатарлас ЕАЭО елдерінде жаңа технологияны сынамалауға мүмкіндік беретін пилоттық жобалар іске асырылатын болады»,- деп атап өтті Сергей Владимиров.

 

Анықтама:

 

Комиссия Алқасының 2021 жылғы 13 маусымдағы № 102 өкіміне сәйкес Одақтың Кеден кодексі туралы шартқа сыртқы электрондық сауданы реттеуге қатысты өзгерістер енгізу туралы Хаттаманың жобасы ЕАЭО елдеріне мемлекетішілік келісуге жіберілді.

Комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласында пилоттық жобаны (экспериментті) жүргізудің жекелеген мәселелері туралы» № 7 өкіміне сәйкес пилоттық жоба бойынша жұмыс Одақта 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізіледі.