Жаңылыктар

19.08.2021 (Обновлено: 10.01.2022 14:53)

2020 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік тауарларының және ауыл шаруашылығы шикізатының өзара саудасы 2,9% өсті

Нақтыланған деректерге сай, Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері арасындағы тауарлардың өзара саудасы көлемінің жалпы 10,7% азаюы кезінде 2020 жылдың қорытындылары бойынша азық-түлік тауарларының және ауыл шаруашылығы шикізатының өзара саудасы 2,9% өсті.

Неғұрлым көп өсім Ресейде (7,8%) және Қырғызстанда (12,1%) байқалды.

ЕАЭО сыртқы саудасының жалпы көлемінде өзара сауда үлесі 14,9%-ға дейін артты (2020 жыл ішіндегі өсім 0,5 п.п.). Неғұрлым көп өсім Армения мен Қырғызстанда тіркелді: бұл елдердің сыртқы саудасының жалпы көлеміндегі өзара сауда үлесі 4 п.п. өсті және тиісінше 34,2% және 42,9% құрады.

Өзара сауда көлемі туралы деректер, ЕАЭО мемлекеттерінің өзара саудадағы үлес салмағы және ірілендірілген тауар топтары бойынша деректер Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика департаментінің талдамалы шолуында ұсынылған.