Новости

15.04.2021 (Обновлено: 07.10.2021 16:52)

Ұлттық заңнаманы біріздендіру ЕАЭО елдерінің селекция мен тұқым шаруашылығындағы кооперациясына көмектеседі

Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында ұйымдастырылған кеңес шеңберінде ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдарының, бизнес-қоғамдастығының, салалық қоғамдық ұйымдарының, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері селекция мен тұқым шаруашылығын дамыту, Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің ауыл шаруашылығы дақылдарының меншікті тұқымымен өзін өзі қамтамасыз етуін арттыру мәселелері талқыланды.

Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында ұйымдастырылған кеңес шеңберінде ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдарының, бизнес-қоғамдастығының, салалық қоғамдық ұйымдарының, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері селекция мен тұқым шаруашылығын дамыту, Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің ауыл шаруашылығы дақылдарының меншікті тұқымымен өзін өзі қамтамасыз етуін арттыру мәселелері талқыланды.

ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян Комиссияның осы бағыттағы жұмысы туралы айтып берді. Атап айтқанда, тұқымдардың бірыңғай нарығы толық мәнінде жұмыс істеуі және олардың сорттық және егістік сапалары туралы құжаттарын өзара тану үшін Комиссия мен Одақ елдері қабылдап жатқан шаралар туралы айтылды. 

«Бұл 2017 жылғы 7 қарашадағы ЕАЭО шеңберінде ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымының айналысы туралы келісім қабылданғаннан кейін мүмкін болды. Бұл бағыттағы жұмыс бір орнында тұрып қалған жоқ. Бір айдан кейін өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Одақ мемлекеттерінің сорттарды сынау және тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық заңнамасын біріздендіру шараларының тізбесін бекіту жоспарлануда», — деп атап өтті Артак Камалян. 

ЕЭК министрінің сөзінше, бұл құжатты қабылдау реттеудің бірыңғай тәсілдемелері негізінде ЕАЭО елдерінің селекция мен тұқым шаруашылығындағы кооперациялық байланыстарын дамытуға көмектеседі, бұл сайып келгенде ауыл шаруашылығы өндірушілерін жоғары өнімді сорттармен және жоғары сапалы тұқымдармен қамтамасыз етудің өсуіне, Одақ елдері агроөнеркәсіптік кешендерінің бәсекеге қабілеттілін арттыруға ықпал етеді. 

Министр бүгінгі таңда ЕАЭО-да Одақ аумағында тұқымдардың кедергісіз айналысына ықпал ететін нормативтік құқықтық және әдістемелік база қалыптастырылғанын атап көрсетті. ЕАЭО-да тұқымдардың сапасы туралы мүше мемлекеттердің құжаттарын өзара тану қамтамасыз етілген, тұқымның егістік сапасын айқындаудың бірыңғай әдістері, ал биылғы 1 қаңтардан бастап сорттық сапаларын айқындаудың бірыңғай әдістері де қолданылады. Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі шеңберінде сорттардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібі айқындалды. Бұдан басқа, Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялары селекция мен тұқым шаруашылығын дамыту жөнінде бірлескен шараларды тұжырымдау мен іске асыруды, сондай-ақ сорттарды сынау және тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық заңнаманы одан әрі біріздендіруді көздейді. 

2020 жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО-да тұқым импорты 1 млрд долл. асты, оның 80%-дан астамы күнбағыс, жүгері, қант қызылшасы, көкөніс дақылдары тұқымдарына, жеміс дақылдарының отырғызу материалдарына сай келеді. Кездесуге қатысушылар бұл мәселе Одақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысты, оны шешу үшін кешенді шаралар қабылдау керек деген ортақ пікір білдірді. Олардың арасында – ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің селекциясы мен тұқым шаруашылығы салаларын мемлекеттік реттеу және қолдау, ғылым мен бизнестің ынтымақтастығы бар. 

Іс-шара қорытындысымен Комиссия жұмысының күн тәртібіне бірқатар ұсыныстар енгізілді. Атап айтқанда, Одақ елдерінде селекция мен тұқым шаруашылығы дамыту жөнінде бағдарлама жобасын әзірлеу, одақтық (селекциялық) зерттеу бағдарламаларын қаржыландыруды ұйымдастыру қажеттігі атап өтілді. 

Бұдан басқа, кеңеске қатысушылар айтқан ұсыныстар бірлескен қарарда белгіленіп көрсетілді және, олар тұтастай алғанда, ЕАЭО елдері басшылары айтқан ауыл шаруашылығы саласындағы және, атап айтқанда, оны қамтамасыз ететін салалар — селекция мен тұқым шаруашылығындағы интеграцияны дамыту жөніндегі стратегиялық бастамаларды іске асыруға пайдаланылатын болады.