Новости

26.03.2021 (Обновлено: 07.09.2021 15:24)

Арман Шаққалиев: «Монополияға қарсы ведомстволар мен Комиссияның тиімді өзара іс-қимылы – біздің елдеріміздегі іскерлік ахуалын жақсартудің кілті»

ЕАЭО елдері монополияға қарсы ведомстволарының басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Арман Шаққалиев 25 наурызда онлайн-кеңес («5+1» деп аталатын формат) барысында Еуразиялық экономикалық одақ құқығын жетілдірудің өзекті мәселелерін, өткен жылдың қорытындыларын және алдағы кезеңге арналған жоспарларды талқылады.

2020 жыл ішіндегі жұмыстың негізгі қорытындылары туралы хабардар ете келіп, Арман Шаққалиев COVID-19 пандемиясымен байланысты күрделілікке қарамастан, өткен жылы Комиссияның монополияға қарсы блогының трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының сақталуына бақылау жасау жөніндегі жұмысының қарқыны төмендемегенін атап өтті.

«Біз 10 арыз бойынша келістік және ықтимал бұзушыларға трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің бұзылуын жоюға бағытталған іс-әрекеттің жасалуы туралы ұсыныстар бердік. 13 тергеп-тексеру жүргіздік және 11 істі қарадық. Трансшекаралық бәсекелестікке қарсы келісімге қатысушылар тұңғыш рет өздері тіркелген мемлекеттердің бюджеттеріне айыппұл төледі», — деп атап өтті ЕЭК министрі.

ЕЭК-тің бәсекелестік блогы 2020 жылы ЕАЭО-ның бәсекелестік саласындағы құқығын жетілдіруге ерекше назар аударды. Мысал үшін, пандемияға байланысты Қазақстанның бастамасы бойынша Айыппұлдарды есептеу әдістемесіне және Істерді қарау тәртібіне іс жүргізу мерзімдерін тоқтата тұру бөлігінде түзетулер енгізілді. Бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуын болдырмау мақсатында ЕАЭО туралы шартқа да алдын алу құралдарын ендіруге қатысты түзетулер пысықталды.

Кәсіпкерлердің бойында бәсекелесшіл сананы қалыптастыру үшін бизнеспен тікелей байланысты ұстап тұру қажеттігі атап өтілді. Бұл үшін тиімді құрал монополияға қарсы комплаенс — трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестік қағидалары бұзылуының алдын алу шарасы және профилактика болуға тиіс.

«Біз комплаенсты стандарттауды, оны сапа менеджменті мен тәуекелдерді басқарудың жалпы жүйесінің бір бөлігі жасауды ұсынамыз», — деп атап көрсетті Арман Шаққалиев.

Талқылаудың маңызды тақырыптарының бірі — тұтыну тауарларының сауда желілері мен жеткізушілері арасындағы өзара іс-қимылдың ұсынылатын қағидаларының жиынтығын әзірлеу қажеттігі болды. Бүгінде Комиссияның бәсекелестік блогы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде сауда желілері мен өндірушілердің (жеткізушілердің) өзара іс-қимылы жөніндегі адал практикалар кодексін әзірлеу мен ендіру мәселесіне бастамашылық жасады.

ЕАЭО-ға деген сенім деңгейі артуының айғағы және оны халықаралық аренада тану факторы — ЕЭК-тің Халықаралық бәсекелестік желісіне (ХБЖ) мүше болып қабылдануы болды.

«Біз ХБЖ жұмыс топтарына белсенді қатысудамыз және ХБЖ-ның басқа жұмыс жобаларына да барынша тартылуымызды жоспарлап отырмыз. Біздің міндетіміз – жаһандық бәсекелестік күн тәртібін қалыптастыруға ықпал ету», — деп атап өтті ЕЭК министрі. 

Үстіміздегі жылғы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттары ретінде Арман Шаққалиев ЕАЭО-дағы бәсекелестік саласында құқықтық реттеу мен саясаттың ЭЫДҰ шолуын өткізуді, бәсекелестік саласында ұлтүсті өкілеттіктері берілген өңірлік бірлестіктермен ЮНКТАД алаңында кездесулерді атады.

2020 жылы мемлекеттік сатып алу саласында Мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидалары бекітілді, оларда кооперациялық тізбектерді құрудың түйінді қағидаты — ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бірінде өндірілген операциялар екіншісінде дайын өнімнің өндірісі кезінде ескерілетіндігі қатталған. Мұндай тәсілдеме мемлекеттік сатып алуға Одақтың өңірлік өнеркәсіптік коалициясын құруға және мемлекеттер оған рұқсат беруді шектегенде мемлекеттік сатып алу нарығында «алшақтық нүктелерінің» пайда болуын болдырмауға мүмкіндік береді. Үстіміздегі жылы Комиссия толық мәнді цифрландыру, ақпараттық ашықтықты және мемлекеттік сатып алудың ашықтығын қамтамасыз ету мәселелерін басты назарда ұстайды.

ЕАЭО елдері монополияға қарсы ведомстволары басшыларының «5+1» форматындағы отырысына бірінші рет Одақтың байқаушы мемлекеттері – Молдова Республикасы мен Өзбекстан Республикасының бәсекелестік ведомстволарының өкілдері, сондай-ақ

Куба Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хулио Гармендия Пенья қатысқанын атап өту қажет.

Іс-шараға қатысушылар келесі кеңесті биылғы маусымда Ереванда өткізуге уағдаласты.​