Նորություններ

29.10.2021 (Обновлено: 30.03.2022 16:21)

ЕАЭО-да техникалық реттеу механизмдері жетілдіріледі

Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко «Еуразиялық экономикалық перспектива – 2021» IX жыл сайынғы халықаралық форумында Еуразиялық экономикалық одақта техникалық реттеудің бірыңғай жүйесін қалыптастыру, Одақтың ортақ нарығына қауіпсіз өнімді жіберу механизмін құру, «Цифрлық техникалық реттеу» жобасын әзірлеу туралы айтты. Одақтағы техникалық реттеудің бірыңғай жүйесі жобасының іске асыру жылдамдығы мен қолданылу саласы жағынан халықаралық практикада аналогтары жоқ. Он жыл ішінде айналыстағы өнімнің 85%-дан астамын қамтитын 51 техникалық регламент қабылданды. Әзірлемелердің бүкіл кешенін аяқтау үшін тағы да 9 техникалық регламентті бекіту және қабылданған құжаттардың ғылыми-техникалық деңгейін қолдау жөнінде жүйелі жұмыс жүргізу белгіленді. Бұл Одақ елдері өнеркәсібінің техникалық деңгейі белгілі бір дәрежеде байланысты болатын зор сарапшылық жұмыс.

«Талаптарды қалыптастырудың бүкіл механизмінің негізін халықаралық, мемлекетаралық және ұлттық стандарттар құрайды. Одақтың өнеркәсібі мен бизнес-қоғамдастықтарының қазіргі заманғы стандарттарға деген өскелең ұмтылысты талаптарын тиімді қанағаттандыру қажет, олар мыңдап қажет. Комиссия оларды әзірлеуді үйлестірудің бірыңғай механизмін құрады, бұл бағыт айқындаушы бола түседі»,- деп атап өтті ЕЭК министрі Виктор Назаренко.

Бүгінде ЕАЭО-да айрықша назарлы сала - өнімнің қауіпсіздігі мен мәлімделген сипаттарына сәйкестігі тұрғысынан оның ЕАЭО-ның ортақ нарығына түсуінің қатаң механизмін құру. Соңғы жылдары сынау зертханаларын қоса, сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды аккредиттеудің ұлттық жүйелерін айтарлықтай реформалау жүргізілді. Аккредиттелген субъектілердің жұмыс деңгейін арттыру жөнінде көп нәрсе істелді. Бірақ ортақ нарықты қауіпті өнімнен қорғау үшін бұл жеткіліксіз. 
«Сертификаттар мен декларациялардың нарығы әсіресе әкелінетін өнім үшін жабық емес. Аккредиттеу жөніндегі ұлттық органдардың қызметіне және олар аккредиттеген сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың қызметіне қойылатын талаптарды қатаңдату қажет»,- деп атап көрсетті Виктор Назаренко.

ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі сондай-ақ «бестік» өндірушілері үшін тең бәсекелестік жағдайлар жасау мақсатында Комиссияның шетелдік өнімнің сәйкестігін бағалауға қатысты тәсілдемелерді қайта қарау, шетелдік компаниялардың ЕАЭО нарығындағы қызметін ретке келтіру жөнінде жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып берді.

«Цифрлық техникалық реттеу» жобасын іске қосудың да айрықша маңыздылығы бар, ол техникалық реттеудің барлық процесін түрлендіруді қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге өнімді жобалау, өндіру және нарыққа шығару кезіндегі цифрлық өзара іс-қимыл үшін жағдайлар жасайды. Талас жоқ, біз нақ осы платформа, соның ішінде аккредиттеу, сәйкестікті бағалау, мемлекеттік бақылау мен қадағалау саласын тәртіпке келтіруге мүмкіндік береді деп сенеміз. Сондай-ақ бұл біздің бизнеске өнімге қойылатын қазіргі заманғы талаптарды дер кезінде ендіру жөнінде қосымша мүмкіндіктер береді»,- деп атап өтті министр.

Өндірушілер тауарды нарықта, соның ішінде ЕАЭО-да ілгерілету үшін сапа және бәсекеге қабілеттілік мәселелерімен жүйелі айналысуға тиіс. Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарында сапаны қамтамасыз етудің Еуразиялық жүйесін құру міндеті қойылған.

«Комиссия тиісті ғылыми-зерттеу жұмысын іске асыруды бастады. Біз өзінің еңбек қызметін өнімнің сапасы және бәсекеге қабілеттілігі мәселелерімен байланыстырған барлық кәсіби мамандар Тұжырымдаманы талқылауға белсене қатысады деп сенеміз»,- деді министр.


Анықтама:

2012 жылы Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының ЕурАзЭҚ және ТМД елдерінің парламенттері қолдаған бастамасы бойынша Санкт-Петербургте жыл сайын «Еуразиялық экономикалық перспектива» халықаралық форумы өткізіледі.

Бұл форумның мақсаты Еуразиялық экономикалық интеграция шеңберінде ынтымақтастықтың парламенттік және басқа бағыттарын дамыту болып табылады.

Халықаралық форумды ұйымдастыру және ғылыми сүйемелдеумен Санкт-Петербург мемлекеттік экономика университеті айналысады.