ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАСЫ

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқасәйкес техникалық реттеу - өнімдерге немесе жобалау (ізденістерді қосаалғанда), өндіріс, құрылыс, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау,өткізу және кәдеге жарату процестерінің өнімдеріне қойылатын міндетті талаптардыбекіту, қолдану және орындау саласындағы қарым-қатынастарды құқықтық реттеу,сондай-ақ сәйкестікті бағалау саласындағы қарым-қатынастарды құқықтық реттеу.​

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚТАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ

X-бөлім "Техникалық реттеу" Техникалық реттеу туралы № 9 хаттама 

 

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында келісілген саясатты жүргізу туралы № 10 хаттама  


Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың аккредиттеу жөніндегі жұмыстарының нәтижелерін тану туралы № 11 хаттама  


2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттықабылдауға байланысты техникалық реттеу жүйесін дамыту​


Техникалық реттеу саласындағы жүйені дамыту және интеграцияны бұдан әрі дамыту үшін 3 келісімнің жобалары әзірленді.





     


Аталған тәртіптің 2-тармағына сәйкес техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу мынадай кезеңдерді (рәсімдерді) қамтиды.


  
Техникалық регламенттерді әзірлеудің анағұрлым толығырақ сызбасымен сілтемесінен оқып-танысуға болады.
Техникалық регламенттерді әзірлеу және оларға өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді Еуразиялық экономикалық комиссия жүзеге асырады.

Қабылданған техникалық регламенттер азық-түлік өнімдері, ойыншықтар, парфюмерия, тұрмыстық техника, бензин және т.б. сияқты көпшіліктің сұранысына ие болатын тауарлардың кең ассортиментінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды бекітеді. 

Одақтың 42 техникалық регламенті қабылданды. 
 


 
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта бекітілгендей, міндетті талаптар қойылатын өнімдердің тізбесі Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберінде бірыңғай болуға тиіс. 

Бірыңғай тізбе Одаққа мүше мемлекеттерде міндетті реттеу саласына кіретін объектілерден қалыптасқан, қазіргі уақытта оған 66 позиция қосылған.

Бірыңғай тізбені қалыптастырудың және жүргізудің тәртібі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 17 наурыздағы № 23 шешімімен бекітілген.​

Техникалық регламенттерге арналған стандарттардың тізбелері Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 161 шешімімен бекітілген Тәртіпке сәйкес әзірленеді және қабылданады.

 
Техникалық реттеу және стандарттау саласындағы сұрақтарға берілген жауаптар "Өзекті сұрақтар" бөлімінде жарияланады.