ТЕХНИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ СТАНДАРТТАУ

 

Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберінде айналымда жүретін өнімдердің қауіпсіздігі техникалық регламенттерді қолдану арқылы қамтамасыз етіледі

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті - Еуразиялық экономикалық комиссия қабылдаған әрі қолдануға міндетті болатын және де Одақтың аумағында техникалық реттеу объектілеріне қойылатын талаптардың орындалуын белгілейтін құжат.

Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері қауіпсіздік саласындағы бірінші кезектегі мүдделердің іске асырылуын қамтамасыз ету үшін қабылданады.


Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және доғару Комиссия бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.


Новая СТ кнопка.png


Стандарт - техникалық регламенттерді іске асырудың басты құралы; өнімнің сипаттамалары, жүзеге асыру қағидалары және жобалау (ізденістерді қоса алғанда), өндіріс, құрылыс, монтаждау: баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және, кәдеге жарату, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету процестерінің сипаттамалары, зерттеулердің (сынау) және  өлшеу қағидалары мен әдістер, үлгілерді іріктеу қағидалары, терминологияға, символикаға, орамға, таңбалауға немесе затбелгілерге және оларды салуға қойылатын қағидалар көп мәрте пайдалану мақсатында белгіленетін құжат. 

схема_стандарты.pngТалаптардың ерікті негізде орындалуын қамтамасыз ететін стандарттар

Сынау әдістемелерін қамтитын стандарттар ​

Стандарттардың тізбелерін әзірлеу және қабылдау Комиссия бекітетінтәртіппен жүзеге асырылады.

 

 

 
Техникалық реттеу және стандарттау саласындағы сұрақтарға берілген жауаптар

«Өзекті сұрақтар» бөлімінде жарияланады.