Экономика және қаржы саясаты

Экономика және қаржы саясаты жөніндегі​ Алқа мүшесі (Министр) Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы

тақырыбы бойынша жаңалықтар «Экономика және қаржы саясаты»

29 Mar 2024 Ресейдегі Америкалық сауда палатасында ЕАЭО-дағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті директорының орынбасары Нуржамал Ильясованың ЕАЭО-да зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған практикалық қадамдар туралы баяндамасы Ресейдегі Америкалық сауда палатасы Кеден-көлік комитетінің 2024 жылғы 29 наурызда өткен отырысына қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Комитет мүшелері Нуржамал Ильясованың ЕАЭО ішкі нарығына контрафактілік тауарлардың түсуіне қарсы іс-қимылдың кедендік құралдарын жетілдіруге бағытталған соңғы Еуразиялық трендтерге қатысты ұсынған ақпаратын жете талқылады.  ЕЭК өкілі басым бағыттардың ішінен зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін іске қосу, зияткерлік меншік объектілері бар тауарлардың өткізілуін кедендік бақылау рәсімдерін оңтайландыру, құқық иеленушілердің құқықтарын бұзушылықтармен күрес саласындағы құқық қолдану практикасын талдау және түзету жөніндегі жұмысты бөліп көрсетті.  Отырысқа қатысушылар зияткерлік меншік саласындағы құқық қолдану және сот практикасын дамыту перспективаларына қатысты өз пайымдауымен бөлісті, зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау мен сақтаудың басқа да өзекті аспектілерін талқылады. Анықтама Ресейдегі Америкалық сауда палатасы (The American Chamber of Commerce in Russia, AmCham Russia) – Ресейдегі жетекші шетелдік бизнес қауымдастығы болып табылады. 1994 жылы негізі қаланған AmCham ірі америкалық корпорациялардың, Ресейлік компаниялардың, сондай-ақ Еуропа мен Азия елдері компанияларының мүдделерін білдіреді. AmCham миссиясы – Ресейде бизнес жүргізуге ықпал ететін орнықты нарықтық ортаны дамытуға жәрдемдесу.
19 Mar 2024 Бақыт Сұлтанов: "ЕЭК шешімдері жобаларының бизнесті жүргізу жағдайына әсерін оң бағалау үлесі ең жоғары деңгейге жетті" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Комиссияның 2023 жылғы шешімдері жобаларының реттеуші әсеріне бағалау (РӘБ) жүргізу мониторингі туралы жыл сайынғы есепті қарады. Орта есеппен шешімнің бір жобасына бизнестің 14-тен астам ұсынысы түседі. Бұл ЕАЭО елдері кәсіпкерлік қоғамдастығының РӘБ рәсіміне шынайы сұранысты болып отырғанын растайды. "РӘБ туралы оң қорытындылардың үлесі 98% көрсеткішке жетті – бұл 2015 жылдан бергі мониторинг жүргізу кезеңіндегі неғұрлым жоғары деңгей, осының өзі Комиссияның реттеу белсенділігінің бизнесті жүргізу жағдайын жақсартуға жалпы бағыттанушылығын растайды", – деп атап өтті ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов. Есепте сондай-ақ ЕЭК қабылдаған шешімдерінің нақтылы әсерін бағалауды (НӘБ) енгізу үшін, сондай-ақ РӘБ-ті Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардың жобаларына қолдану үшін нормативтік базаның дайындығы туралы ақпарат ұсынылды. Бұл рәсімдерді қолдану 2024 жылғы наурызда бастау алды. РӘБ жүргізу мониторингі туралы жыл сайынғы есеп Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің қарауына енгізіледі, бұдан кейін Еуразиялық үкіметаралық кеңеске бекіту үшін ұсынылады. Анықтама РӘБ – ЕЭК шешімдері жобаларының кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайына әсерін бағалау рәсімі. Оны жүргізу кезінде ЕАЭО елдері бизнесінің позициясы ескеріледі. РӘБ рәсімі екі кезеңнен тұрады: ағымдағы бағалау – ЕАЭО сайтында ЕЭК шешімінің жобасын ұзақтығы кемінде күнтізбелік 30 күн болатын жария талқылау және қорытынды бағалау – ЕЭК-тің арнайы құрылған жұмыс тобының РӘБ туралы қорытынды дайындауы.
ЕЭК-те ЕАЭО елдерінен келген 15 Mar 2024 ЕЭК-те ЕАЭО елдерінен келген "өзін-өзі жұмыспен қамтитындардың" Ресейде болу мәселесі талқыланды Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы жанындағы Көші-қон саясаты жөніндегі консультативтік комитет жанындағы көші-қон жөніндегі жұмыс тобына қатысушылар Ресей Федерациясында "өзін-өзі жұмыспен қамтитындар" ретінде еңбек қызметін жүзеге асыратын Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері азаматтарының болу мерзіміне қатысты мәселелерді қарады. Отырысқа ЕЭК-тің, Одақ елдері уәкілетті органдарының өкілдері, сондай-ақ көші-қон және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі сарапшылар қатысты. Комиссияның Еңбек көші-қоны және әлеуметтік қорғау  департаменті директорының орынбасары Олег Артамонов Ресейде "Кәсіптік табыс салығы" арнайы салық режімін белгілеу жөнінде эксперимент жалғасып жатқанын, соның шеңберінде Одақ елдерінің азаматтары "өзін-өзі жұмыспен қамтитындар" ретінде тіркелуі мүмкін екендігі туралы хабарлады. Ресей ФСҚ деректері бойынша, 2023 жылдың тоғыз айы ішінде ЕАЭО мемлекеттерінің "өзін-өзі жұмыспен қамтитын" 183 мыңнан астам азаматы тіркелген", – деп атап өтті ЕЭК өкілі. Жұмыс тобының қатысушылары – Ресей ІІМ өкілдері Ресей Федерациясында еңбек қызметін "өзін-өзі жұмыспен қамтыған" ретінде, азаматтық-құқықтық келісім-шарт (соның ішінде мердігерлік келісім-шарт немесе ақылы қызмет көрсету шарты және басқа да ұқсас шарттар) бойынша жүргізетін адамның Одақ мемлекеттерінің бірінің азаматы болуы оның Ресей Федерациясының аумағында болу мерзімін ұзартуға негіз бола алатыны туралы айтты. Талқылау қорытындысы бойынша ЕАЭО азаматтарының – кәсіптік табыс салығын төлеушілердің болу мерзімін ұзарту механизмі мәселесіне орайлас жалпы тәсілдемені әзірлеу жөніндегі жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.
14 Mar 2024 Бақыт Сұлтанов: "ЕЭК қызметі ЕАЭО-да кәсіпкерлікті жүргізу жағдайларын ұдайы жақсартып отыруға бағытталған" 14 наурызда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтанов Америка сауда палатасының Еуразиялық экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі 10-шы конференциясының жалпы отырысында сөз сөйледі. Министр кәсіпкерлер мен инвесторларға Комиссияның бизнеспен өзара іс-қимылының құралдары, Еуразиялық экономикалық одақтың шарттық-құқықтық базасын жетілдіру, өзара саудадағы кедергілерді анықтау мен жою, инвестициялық және кооперациялық ынтымақтастықты дамыту, көрсетілетін қызметтердің бірыңғай нарығын секторлық қамту, ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығын қалыптастыруға орайлас тәсілдемелер туралы айтып берді. Бақыт Сұлтанов Комиссияда үстіміздегі жылдан бастап пайда болған жаңа шынайы құрал — өнеркәсіптік кооперация жобаларын қаржылық ынталандыруға айқындап назар аударды. Осыған байланысты ЕЭК министрі кәсіпкерлерді жобаларға белсендірек бастамашылық жасауға және қолдау шарасын алуға өтінім беруге шақырды. "Комиссия интеграциялық процестерді дамыту есебінен Еуразиялық кеңістікте бизнес жүргізу үшін жақсы жағдай қалыптастыруға ниетті. Біз кәсіпкерлік қоғамдастықпен диалогты одан әрі кеңейтуге, іскер топтарды қызықтыратын мәселелерді бірлесіп пысықтауға мүдделіміз", — деп атап өтті Бақыт Сұлтанов. Конференцияның пікірсайыс бөлігінде ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Ернар Бәкенов Америка сауда палатасы өкілдерінің ЕАЭО-да бизнес жүргізуге қатысты сұрақтарына жауап берді.
Тағы да көрсету

тақырыбы бойынша шешімдер «Экономика және қаржы саясаты»

40
16.04.2024 Решение Коллегии ЕЭК № 40 О внесении изменений в Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 21 апреля 2015 г. № 30 «О мерах нетарифного регулирования»
39
16.04.2024 Решение Коллегии ЕЭК № 39 О перечне продукции, подлежащей обязательной оценке соответствия требованиям технического регламента Таможенного союза «Технический регламент на масложировую продукцию» (ТР ТС 024/2011), в отношении которой при помещении под таможенные процедуры подтверждается соблюдение мер технического регулирования
38
16.04.2024 Решение Коллегии ЕЭК № 38 О внесении изменений в Положение о Консультативном совете по взаимодействию Евразийской экономической комиссии и Делового совета Евразийского экономического союза
57
16.04.2024 Распоряжение Коллегии ЕЭК № 57 О проекте решения Совета Евразийской экономической комиссии «О проекте распоряжения Высшего Евразийского экономического совета «О реализации планов либерализации по отдельным секторам услуг в рамках Евразийского экономического союза»
56
16.04.2024 Распоряжение Коллегии ЕЭК № 56 О проекте распоряжения Совета Евразийской экономической комиссии «О проекте Протокола о внесении изменений в Договор о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года в части, касающейся особого механизма при проведении расследований и принятии решений о применении или неприменении специальных защитных, антидемпинговых и компенсационных мер»

нормативтік құжаттар

Бағыт бойынша материалдар

18 2016 ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Карине Минасянның ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «ЕАЭО-дағы инновациялар тәуекелі көтермеленуі тиіс» 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс жасай бастады, оған бүгінде бес ел кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей. Егер бұдан 20 жыл бұрын еуразиялық интеграция пайда болған кезде әңгіме сауда ынтымақтастығы туралы болса, қазір күн тәртібі бірте-бірте кеңейді. Қарқынды ақпараттық-технологиялық даму одаққа жаңа сын-қатерлер әкелді. Онлайн-сауданы реттеу, интернет заттары саласындағы заңнама бойынша бірлесе жұмыс істеу, электрондық үкіметтің өзара іс-қимыл жүйесін әзірлеу, тәуекелдік қаржыландыру нарығын құру және жалпы инновацияны бірлесіп дамыту қажеттілігі туды. Сондықтан осы жылы ЕАЭО реттеуші органы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметтің жаңа бағытын құрды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – бірыңғай цифрлық кеңістік құру, цифрлық технологияларды дамыту. «Еуразиялық апта» форумының қорытындысы бойынша өткен және интеграциялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын құрудың бірінші жылдығы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі Карине Минасян ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында бұл салада атқарылып жатқан істер туралы айтып берді.​
ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Сүлейменовтің БелТА АА-ға берген сұхбаты: «Беларусь ЕАЭО-дағы интеграциялық процестерде өзекті рөл атқарады» 24 2016 ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Сүлейменовтің БелТА АА-ға берген сұхбаты: «Беларусь ЕАЭО-дағы интеграциялық процестерде өзекті рөл атқарады» Беларусь, Ресей, Қазақстан, Армения және Қырғызстан екі жыл бойы Еуразиялық экономикалық одақ жағдайында тіршілік етуде, белгілі бір сын-қатерлерге кезігуде және оларға бірлесіп қарсы тұруға әрекет етуде. Қазанның аяғында Минск Одақ шеңберіндегі кезекті ірі кездесуді қабылдайды – Беларусь астанасында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтпек. Осы маңызды іс-шара қарсаңында БЕЛТА тілшісі 2016 жыл ЕАЭО үшін не бергенін, қатарлас импорт пен кеден баждары мөлшерлемелерін белгілеудің проблемалық мәселелері қалай шешілетінін және бірыңғай қаржы нарығын құру бойынша қандай шаралар қабылданып жатқанын білу үшін Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Тимур Сүлейменовпен кездесті. ​
0/0