Интеграция және макроэкономика

Интеграция және макроэкономика жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) Глазьев Сергей Юрьевич

тақырыбы бойынша жаңалықтар «Интеграция және макроэкономика»

ЕАЭО бойынша тұтыну бағаларының индексі 2024 жылғы ақпанда  жылға шаққанда 107,5% құрады 21 Mar 2024 ЕАЭО бойынша тұтыну бағаларының индексі 2024 жылғы ақпанда жылға шаққанда 107,5% құрады Еуразиялық экономикалық одақ бойынша тауарлардың және көрсетілетін қызметтердің тұтыну бағаларының индексі 2024 жылғы ақпанда 2024 жылғы қаңтармен салыстырғанда 100,7%, 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,6%, 2023 жылғы ақпанмен салыстырғанда 107,5% құрады. 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ЕАЭО бойынша ақылы көрсетілетін қызметтер бағасы айтарлықтай (8,8%) өскені байқалды. Осы кезең ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 7,5%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 6,7% өсті. Азық-түлік тауарлары бағасының ЕАЭО бойынша бағадан жоғары өсуі Ресейде (8,1%) тіркелді. Азық-түлік емес тауарлар бағасының неғұрлым көп өсуі Қырғызстанда (10,1%) және Қазақстанда (8,5%), ақылы қызметтер бойынша Қазақстанда (12,8%) және Қырғызстанда (9,6%) байқалды. Толығырақ статистикалық ақпарат ЕЭК Статистика департаменті бетіндегі «Тұтыну бағаларының индексі туралы» бөлімде берілген.
13 Mar 2024 БҰҰ алаңында ОДМ-ға қол жеткізудегі өңірлік интеграцияның рөлі талқыланды БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Орнықты даму саласындағы күн тәртібін өңірлік өлшеудің маңыздылығы және өңірлік интеграциялық бірлестіктердің Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізуге қосқан үлесі "ОДМ-ға қол жеткізудегі өңірлік интеграцияның рөлі: ЕАЭО және басқа құрылымдар" сайд-ивенті барысында талқыланды. Іс-шараны Еуразиялық экономикалық комиссия 12 наурызда БҰҰ ЕЭК Орнықты даму жөніндегі Өңірлік форумы шеңберінде бейне-конференц-байланыс форматында ұйымдастырды. Ашылуына Ресей Федерациясының БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары Сергей Васильев пен Армения Республикасының БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігінің бірінші хатшысы Амбик Минасян қатысты. Негізгі баяндамашы ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев, ал пікірсайыс модераторы "Валдай" клубының бағдарламалық директоры, ММХҚИ Еуропалық институтының ғылыми жетекшісі Олег Барабанов болды. "Еуразиялық экономикалық интеграция ЕАЭО мемлекеттерінің экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады және ОДМ-ға қол жеткізуге ықпал ететін қосымша фактор болып табылады. ЕАЭО елдері осы мақсаттар мен міндеттерді өздерінің ұлттық бағдарламалық құжаттарына, даму стратегиялары мен тұжырымдамаларына ендіре отырып, ОДМ-ға қол жеткізу бойынша табысты қадамдар жасауда", — деп атап өтті Сергей Глазьев. Сергей Глазьев ОДМ-ның Еуразиялық өңірдегі бірқатар көрсеткіші бойынша, соның ішінде ЕАЭО-ның экономикалық интеграциялық күн тәртібін біртіндеп дамыту және спорт, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы экономикалық өзара іс-қимылдың әртүрлі қырына назар аудару есебінен алға басушылық жайында айтып берді. "ЕАЭО-ның экономикалық-технологиялық және зияткерлік көшбасшылыққа ие және халықтың әл-ауқатының жоғары деңгейін қолдайтын әлемнің барлық елі үшін өз игілігі өзіне жететін, үндесімді дамыған және тартымды макроөңірге айналуға деген ұмтылысы 2030-Күн тәртібімен айтарлықтай шамада әуендес келеді", — деп атап көрсетті Сергей Глазьев. ЕЭК министрі 1-ОДМ "Қайыршылықты жою" мен 2-ОДМ "Аштықты жоюды" іске асыруға айрықша назар аударды және ЕАЭО мемлекеттерінен азық-түліктің, бірінші кезекте бидай мен ұнның, сондай-ақ минералды тыңайтқыштардың сыртқы нарықтарына экспорт дәстүрлі түрде ЕАЭО экономикасының күшті жағы болып табылатынын, ал Одақ елдерінің өндірістік және ресурстық әлеуеті жүздеген миллион адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуге қабілетті екенін атап өтті. Сергей Глазьев БҰҰ атап өткен жаһандық деңгейде бірқатар ОДМ бойынша прогрестің жеткіліксіз деңгейі негізінен елеулі реформалауды талап ететін қалыптасқан әлемдік валюта-қаржы жүйесінің жетілмегендігіне байланысты екенін атап көрсетті. ЕАЭО-да жасыл технологиялар мен жасыл экономика қағидаттары саласындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға баса назар аудара отырып, ЕАЭО-ның ОДМ-ға қол жеткізуге қосқан үлесі туралы ЕЭК Макроэкономикалық саясат департаментінің директоры Асқар Жаппарқұлов толығырақ айтып берді. ЕЭК Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары Каныбек Касымали уулу ОДМ мен ЕАЭО-ның климаттық күн тәртібінің өзара байланысына тоқталды. Сондай-ақ БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы атқарушы хатшысының орынбасары Дмитрий Марьясин мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) және Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) өкілдері өз пайымдауын білдіріп өтті. Анықтама  БҰҰ ЕЭК Орнықты даму жөніндегі Өңірлік форумы — тәжірибе алмасуға және ОДМ-ға қол жеткізу жөніндегі шешімдерді талқылауға арналған Еуропалық өңірдегі жыл сайынғы іс-шара. Орнықты даму саласындағы күн тәртібі кешенді сипаттағы әрі орнықты дамудың үш компонентінің – экономикалық өсудің, әлеуметтік интерацияның және экологиялық орнықтылықтың теңгерімділігін қамтамасыз ететін 17 мақсатты және 169 міндетті кірістіреді. 2022 жылдың соңында ЕЭК "Еуразиялық экономикалық одақ өңірінде Орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізу" жинағын жариялады. Жинақта 2017-2021 жылдар ішінде Еуразиялық экономикалық одақта ОДМ-ның өңірлік тізбесінің көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі статистикалық деректер берілген. Өңірлік тізбеге 130 индикатор, соның ішінде жаһандық деңгейде мониторинг жүргізу үшін ұсынылған 63 индикатор, сондай-ақ ЕАЭО-дағы даму басымдықтарын көрсететін 67 индикатор кірді.
Тағы да көрсету

нормативтік құжаттар

Бағыт бойынша материалдар

18 2016 ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Карине Минасянның ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «ЕАЭО-дағы инновациялар тәуекелі көтермеленуі тиіс» 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс жасай бастады, оған бүгінде бес ел кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей. Егер бұдан 20 жыл бұрын еуразиялық интеграция пайда болған кезде әңгіме сауда ынтымақтастығы туралы болса, қазір күн тәртібі бірте-бірте кеңейді. Қарқынды ақпараттық-технологиялық даму одаққа жаңа сын-қатерлер әкелді. Онлайн-сауданы реттеу, интернет заттары саласындағы заңнама бойынша бірлесе жұмыс істеу, электрондық үкіметтің өзара іс-қимыл жүйесін әзірлеу, тәуекелдік қаржыландыру нарығын құру және жалпы инновацияны бірлесіп дамыту қажеттілігі туды. Сондықтан осы жылы ЕАЭО реттеуші органы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметтің жаңа бағытын құрды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – бірыңғай цифрлық кеңістік құру, цифрлық технологияларды дамыту. «Еуразиялық апта» форумының қорытындысы бойынша өткен және интеграциялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын құрудың бірінші жылдығы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі Карине Минасян ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында бұл салада атқарылып жатқан істер туралы айтып берді.​
Глазьев Сергей Юрьевич
Глазьев Сергей Юрьевич
Глазьев Сергей Юрьевич
Глазьев Сергей Юрьевич
Глазьев Сергей Юрьевич
Глазьев Сергей Юрьевич
Глазьев Сергей Юрьевич
0/0