Хачатрян Аркадий Санасарович

Хачатрян Аркадий  Санасарович

Өмірбаян

1975 жылы 29 қаңтарда Ванадзор қаласында (Армения Республикасы) туған.

1997 жылы Ереван мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген. 2005 жылы ЕСУ-дің заң факультетін бітірді. 2009 жылы Гарвард университетінің Джон Кеннеди басқару мектебінде оқудан ("келіссөздер жүргізу") өтті.

Экономика ғылымының кандидаты.

1998-2002 жылдары Арменияның Қаржы және Экономика министрліктерінде әртүрлі лауазымда жұмыс істеді, соның ішінде Министрліктің Сақтандыру инспекциясы бас басқармасының бастығы болды.

2002-2003 жылдары — "Сақтандырушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар одағының директоры, Ереван қаласы.

Бұдан кейін 10 жылдан астам — 2003 жылдан 2015 жылға дейін Армения Республикасы Президентінің Аппаратында жұмыс істеді, соның ішінде сарапшылық-талдау басқармасының бастығы болды.

2015-2018 жылдары — Армения Республикасы Орталық банкі кеңесінің мүшесі.

2018-2019 жылдары — Армения Республикасы Орталық банкі төрағасының кеңесшісі.

2019-2021 жылдары 7-сайланымдағы Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының депутаты, Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының Қаржы-кредит және бюджеттік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болды.

2022 жылғы тамызда Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы саясаты департаментінің директоры қызметіне тағайындалды.