Өзектілендірілген мемлекетаралық стандарттар коммуналдық-тұрмыстық тұтыну үшін сұйытылған көмірсутек газдарына қолданылады, сондай-ақ автомобиль көлігі үшін мотор отыны ретінде пайдалануға арналған.
Қолданыстағы стандарттарды жаңартудың орындылығы өнім сапасына қойылатын талаптарды арттырудан, сондай-ақ өлшемдердің анықтығын қамтамасыз ету саласында стандарттарды халықаралық талаптармен үндестіру қажеттігінен туған.
Жаңа тізбеге 31 стандарт кірістірілген, олардың 17-і – мемлекетаралық (олардың екеуі ISO халықаралық стандарттары негізінде және біреуі — EN өңірлік стандарты негізінде әзірленген). Қалған 14-і – Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ұлттық стандарттары, олардың арасында алтауы ASTM өңірлік стандарттары негізінде әзірленген.
Жаңадан қабылданғандармен ауыстырылған жекелеген мемлекетаралық стандарттарға, сондай-ақ ұлттық стандарттарға қатысты оларды қолданудың өтпелі кезеңі белгіленген.
Стандарттар тізбесі оларды әзірлеу жөніндегі бағдарламаға (Комиссия Алқасының 2018 жылғы 28 ақпандағы № 33 шешімімен бекітілген) сәйкес әзірленген стандарттарды ескере отырып өзектілендірілген.