Жаңалықтар

22.09.2022 (Обновлено: 03.10.2022 11:47)

Арзыбек Кожошев Ресейдің жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту жөніндегі тәжірибесін пайдалы деп санайды

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту үшін мол мүмкіндік бар. Бұл жөнінен Ресей Федерациясының тәжірибесі мен атқарымдары өте пайдалы. Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев бұл туралы 22 қыркүйекте мәлімдеді. 

ЕЭК министрі Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасында "Ресейдің Арктикалық аймағында, сондай-ақ Қиыр Солтүстікке теңестірілген аумақтарда жел энергетикасын мемлекеттік қолдаудың кешенді шараларын заңнамалық қамтамасыз ету" тақырыбы бойынша өткен дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Дөңгелек үстелде жасыл энергетиканы қолдау, соның ішінде Арктика мен Қиыр Солтүстіктің экстремалды жағдайларында жел энергетикасы қондырғыларын (ЖЭҚ) өндіру мен орналастыру жөнінде кешенді шаралар әзірлеу мәселелері, ЖЭҚ көмегімен компаниялардың электр энергиясының генерациясына қажеттілігін айқындау механизмдері талқыланды.

Іс-шара шеңберінде Арзыбек Кожошевтың Мемлекеттік Думаның «Әділетті Ресей – Шындық үшін» социалистік саяси партиясы фракциясының жетекшісі Сергей Мироновпен, сондай-ақ Мемлекеттік Дума Төрағасының орынбасары Александр Бабаковпен іскерлік таныстығы болып өтті. Ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.