Жаңалықтар

25.11.2022 (Обновлено: 01.12.2022 09:53)

Бақытжан Сағынтаев: "Жаңа экономикалық шынайылық Үлкен Еуразиялық әріптестікті қалыптастыру міндетін күшейте түседі"

Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақытжан Сағынтаев Еуроазиялық ынтымақтастықтың қаржы-бизнес қауымдастығы жыл сайын өткізетін IX Мәскеу халықаралық қаржы-экономикалық форумының қатысушыларына арнаған құттықтау сөзінде Еуразиялық экономикалық комиссияның экономиканы дамыту және қаржы саясаты саласындағы жұмысының өзекті бағыттары туралы айтты. Биыл бұл форумға 50-ден астам елден бизнес өкілдері қатысты.

 Бақытжан Сағынтаев экономиканың орнықтылығына ықпалын тигізетін көптарапты механизмдердің әлсіреуі жағдайында көрсетілетін қызметтер саудасы мен инвестициялар саласындағы еркіндікті қамтамасыз ету факторы түйінді болатынын атап өтті.

"Жаңа экономикалық шынайылық Үлкен Еуразиялық әріптестікті қалыптастыру міндетін тек күшейте түседі. Ол қатысушылардың ортақ мүддесі мен өзара технологиялық, логистикалық, инфрақұрылымдық ұсыныстардың негізінде жекелеген қосалқы өңірлік блоктардан қалыптасып отыратын болады",- деп атап көрсетті ЕЭК министрі.

Оның сөзінше, өңірлік ынтымақтастықтың орнықты инфрақұрылымын жасау үшін ЕАЭО мемлекеттері экономикасының байланыстылығын арттыру қажет. "Қосылған құны жоғары тауарлар өндірісін дамыту үшін негіз бола алатын өндірістік және технологиялық кооперацияны кеңейту маңызды талап болып табылады. Ал көлік жобаларын бірлесіп іске асыру көлікке қолжеткізушілікті қамтамасыз етуге және жаңа логистикалық тізбектерді құруға мүмкіндік береді. Инвестициялық және инновациялық консорциумдарды құру, жоғары интеграциялық әсері бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру өзекті болатыны сөзсіз",- деді Бақытжан Сағынтаев.


ЕЭК министрі халықаралық қызметтің басымдықтары ретінде Еуропалық одақпен, ШЫҰ-мен, АСЕАН-мен, басқа да негізгі өңірлік экономикалық бірлестіктермен ұлтүсті және елдік деңгейде жүйелі диалог құру сақталатынын атап өтті. Бұдан басқа, Комиссия Одақ жанындағы байқаушы мемлекеттермен және ЕЭК-пен меморандумдар жасасқан елдермен ынтымақтастықты тереңдетуді мақсат тұтады.