Жаңалықтар

12.08.2022 (Обновлено: 19.08.2022 13:45)

Аркадий Хачатрян ЕЭК-тің Қаржы саясаты департаментінің директоры болып тағайындалды

Аркадий Санасарович Хачатрян 1975 жылы 29 қаңтарда Ванадзор қаласында (Армения Республикасы) туған.
1997 жылы Ереван мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген.
2005 жылы ЕСУ-дің заң факультетін бітірді.2009 жылы Гарвард Университеті Джон Кеннеди Басқару мектебінде оқудан («келіссөздер жүргізу») өтті. Экономика ғылымдарының кандидаты.
1998 — 2002 жылдары Арменияның Қаржы және экономика министрлігінде әртүрлі лауазымдарда, соның ішінде министрліктің Сақтандыру инспекциясы бас басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.

2002 — 2003 жылдары — «Сақтандырушылар қауымдастығы» заңды тұлғалар одағының директоры, Ереван қаласы.

Бұдан кейін 10 жылдан астам, 2003 — 2015 жылдары Армения Республикасы Президенті Аппаратында жұмыс істеді, соның ішінде сарапшылық-талдау басқармасының бастығы болды.

2015 — 2018 жылдары — Армения Республикасы Орталық банкі кеңесінің мүшесі.

2018 — 2019 жылдары — Армения Республикасы Орталық банкі төрағасының кеңесшісі.

2019 — 2021 жылдары — 7-сайланған Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының депутаты, Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының Қаржы-кредит және бюджеттік мәселелер жөніндегі тұрақты комитетінің төрағасы.

2022 жылғы тамызда Еуразиялық экономикалық комиссияның Қаржы саясаты департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.