Жаңалықтар

16.09.2022 (Обновлено: 26.09.2022 09:42)

ЕАЭО және АСЕАН: интеграциялық процестерді сапалы дамыту мақсатындағы тәжірибе алмасу

16 қыркүйекте Сиемреап қаласында (Камбоджа Корольдігі) АСЕАН Экономика министрлерінің саммитінде Еуразиялық экономикалық комиссия мен Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының өзара іс-қимылын тереңдету мәселелері қаралды. Іс-шарада ЕЭК атынан Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Гоар Барсегян өкілдік етті.

"АСЕАН-мен өзара іс-қимыл - ЕАЭО-ның халықаралық қызметінің ауқымды күн тәртібінің түйінді бағыттарының бірі. Бүгінде екі өңір алдында сауда мен инвестицияларды өсіре түсу мәселелерінде үлкен преспектива ашылып отыр", - деп мәлімдеген ЕЭК өкілі Комиссия мен АСЕАН Хатшылығының ынтымақтастығы үдемелі дамып отырғанын атап өтті.

Мәселен, 2018 жылғы экономикалық ынтымақтастық саласында ЕЭК пен АСЕАН арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның және 2025 жылға дейінгі Ынтымақтастық бағдарламасының негізінде диалог үшін инфрақұрылым жасалды.

"ЕАЭО-да интеграцияны дамыта отырып, біз басқа интеграциялық құрылымдардың таңдаулы практикаларын ескеріп отырамыз, сонымен бірге өз атқарымдарымызбен бөлісуге де дайынбыз. Бұған объективті сұрату бар және ЕЭК осы мәселеде барынша транспарентті", - деп атап көрсетті Гоар Барсегян.

Интеграцияны дамыту департаментінің директоры цифрлық трансформация бойынша екі бірлестіктің тәжірибе алмасуына және осы саладағы өз атқарымдарын ұсынуға мүмкіндік бере алатын бірлескен семинарлар ұйымдастыруды ұсынды. Әріптестер бұл бастаманы оң қабылдады.

Диалогты тереңдетудің басқа бағыттары - осы интеграциялық құрылымдардың алаңдарын пайдалана отырып, ЕАЭО мен АСЕАН мемлекеттері арасында сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға жәрдемдесу, сондай-ақ экономикалық жобалар мен бастамаларды ілгерілету үшін халықаралық ұйымдар алаңдарында өткізілетін іс-шараларға бірлесіп қатысу.

Гоар Барсегян ЕАЭО-ның АСЕАН-мен байланысын нығайту ісінде екіжақты ынтымақтастықты дамыту елеулі рөл атқаратынын атап өтті. "ЕЭК өзінің Вьетнаммен, Камбоджамен, Таиландпен, Сингапурмен диалогын рәсімиледі. Бұл жұмыс ЕАЭО мен біздің экономикалық қатынастарымыз жолға қойылған елдер арасындағы саудаға оң ықпалын тигізді", - деген Гоар Барсегян ЕЭК-тің АСЕАН Хатшылығымен, сол сияқты АСЕАН-ның басқа мүшелерінің Үкіметтерімен, соның ішінде жаңа өңірлік экономикалық бастамалар шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін атап көрсетті.

Консультациялардың қорытынды құжатында Үлкен Еуразиялық әріптестікті қалыптастырудың құрамдас элементтерінің бірі ретінде Еуразиядағы интеграциялық құрылымдардың диалогын сауда, инвестициялар, ақпараттандыру және басқа салалардағы ынтымақтастықты жандандыру мен тереңдету мақсатында жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Іс-шаралар аясында Гоар Барсегян АСЕАН Хатшылығының басшылығымен, сондай-ақ АСЕАН-ға қатысушы елдерден (Камбоджа, Таиланд, Филиппин) келген консультацияларға қатысушылармен жұмыс кездесулерін өткізді.


Анықтама

АСЕАН-ға мүше мемлекеттердің ЕАЭО-мен сауда-экономикалық өзара іс-қимылы Одақтың 2022 жылға арналған халықаралық қызметінің негізгі бағыттарында (жыл сайын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес бекітеді) бекітілген басымдықтарының бірі болып табылады. Оның серпіні өте оң. Мәселен, 2021 жылы ЕАЭО-ның АСЕАН мемлекеттерімен тауар айналымы ЕАЭО жұмыс істеген бүкіл кезең ішіндегі рекордтық деңгейге дейін – 23,9 млрд долл. (35%) өсті. Одақтың экспорты 10,2 млрд долл. дейін (54%), импорты – 13,7 млрд долл. дейін (23%) өсті. ЕАЭО мемлекеттерінің әрқайсысы АСЕАН мемлекеттерімен сауданы жүзеге асырады, бірақ оның көлемі әркелкі бөлінген: тауар айналымының шамамен 90%-ы Ресейге тура келеді. Сонымен бірге, Одаққа мүше басқа мемлекеттердің АСЕАН елдерімен саудасы арта түсуде: 2015-2021 жылдар кезеңінде Армения мен Беларусьтың тауар айналымы 19% өсті, соңғы 3 жыл ішінде Қазақстанның тауар айналымы екі еселенді, ал Қырғызстанның тауар айналымы осы кезең ішінде 1,5 есе өсті. Егер АСЕАН ЕАЭО-ның сауда статистикасында бірыңғай сауда әріптесі ретінде есептелетін болғанда, онда 2021 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымының шамасы жөнінде қауымдастық 11-орынды алған болар еді, бұл соншалықты шамада Одақтың Жапониямен және Үндістанмен тауар айналымын құрайды.