Жаңалықтар

05.08.2022 (Обновлено: 11.08.2022 09:41)

ЕЭК ортақ энергия нарықтарын құру бойынша елдермен өзара іс-қимылды жалғастырады

«Бестік» елдерінің энергетикалық ведомстволарының басшылары 4 тамыздағы келіссөздер барысында ЕАЭО-ның ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың реттелмеген мәселелерін талқылады. 

Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев өзі төрағалық еткен кездесуде құжат жобасының жоғары дайындық дәрежесін атап өтті. Сонымен бірге, ол сындарлы диалогтың маңыздылығын атап көрсетті және шарттың айырым сақталып отырған ережелерін реттеу үшін уәкілетті органдардың бұдан да тығыз өзара іс-қимылын күшейтуге баса назар аудару қажеттігін айқындап айтты.

Атап айтқанда, бұл — мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің кезектілігі мен басымдығы мәселесі, мәмілелердің бір түрі ретінде мемлекетаралық тасымалдауды жүзеге асырудың ерекшеліктері, сондай-ақ мұнайды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету мәселелері.

Кеңес барысында уәкілетті органдардың басшылары мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау жүйелеріне қол жеткізудің жекелеген мәселелері бойынша, соның ішінде тасымалдаудың техникалық мүмкіндігі бойынша бәтуаластыққа қол жеткізді. Тараптар қызметтер көрсетуге арналған шарттың талаптары бойынша позицияларын жақындастырды.

Одақтың ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын қалыптастыру туралы халықаралық шарты оның жұмыс істеуінің қағидатты жағдайларын айқындайды. Тұтастай алғанда, ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын құру үш кезеңде жүзеге асырылады. Қорытынды үшінші кезеңінде — 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін Одақтың ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын қалыптастыру туралы халықаралық шартының күшіне енуі көзделген.Ортақ энергия нарықтарын қалыптастыру және ұлттық заңнаманы үндестіру жөніндегі жұмыс ЕАЭО туралы шартта, Ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарықтарын қалыптастырудың тұжырымдамасы мен бағдарламасында көзделген базалық қағидаттарды ескере отырып жүргізіледі.