Жаңалықтар

02.12.2016

Ресейдегі Америка сауда палатасының, Еуразиялық экономикалық комиссия мен Америка-Ресей іскерлік кеңесінің «Еуразиялық экономикалық интеграция: алға жылжу, бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер» атты бірлескен конференциясы

Бет мазмұны2  желтоқсанда Мәкеудегі MarriottRoyalAurora қонақүйінде Ресейдегі Америка сауда палатасының  (AmericanChamberofCommerceinRussia, AmCham), Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) мен  Америка-Ресей іскерлік кеңесінің (US-RussiaBusinessCouncil, USRBC) «Еуразиялық экономикалық интеграция: алға жылжу, бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер» атты бірлескен конференциясы өтеді.   Алдағы конференция – Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) кеңістігінде бизнесті дамытуға арналған жағдайларды жақсарту мақсатында AmCham, ЕЭК пен USRBC бірлесіп соңғы екі жылда табысты өткізіп келе жатқан іс-шаралар сериясындағы қазірдің өзінде төртінші іс-шара. Бағдарламада ЕАЭО сауда саясатының басымдықтары, көлік пен энергетика саласындағы Еуразиялық интеграция сияқты және басқа да өзекті мәселелер бар. ЕЭК Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян, ЕЭК Алқа мүшелері (министрлер) Вероника Никишина, Карине Минасян, Адамкул Жунусов, AmCham және USRBC  президенттері Алексис Родзянко мен Дэниел Рассел, сарапшылық қоғамдастық өкілдері сөз сөйлейді деп жоспарлануда. Іс-шараның неғұрлым толық бағдарламасы    http://amcham.ru/eng/events/upcoming/20161202_eec мекенжайы бойынша AmCham сайтында жарияланған.   Іс-шара күні:                                       2016 жылғы 2 желтоқсан Іс-шараның басталуы:                      09:00 Тіркелудің басталуы:                         08:15 Өткізілетін орны:                               Marriott Royal Aurora Hotel Moscow Мекенжайы:                                      Петровка көшесі, 11/20-үй   Іс-шара бағдарламасында баспасөз-тәсілдеме жоспарланған.   Журналистерді конференцияның пленарлық бөлігіне қатысуға шақырамыз. Қызығушылық танытқан жағдайда, аты-жөніңізді, БАҚ атауын, лауазымыңызды жолдап, аккредиттеуден өтуіңізді өтінеміз. Аккредиттеу 1 желтоқсан күні 16.00-ге дейін ашық.  Аккредиттеуге арналған байланысу: ЕЭК баспасөз қызметінің қызметкері Анастасия Герасимова, е-mail: press@eecommission.org, тел. 8 (495) 669-24-00, қосымша 41-74.​