Жаңалықтар

29.09.2016

Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитет

Бет мазмұны29 қыркүйекте Минскіде Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитеттің отырысы өтеді. Отырыста 2016 жылғы 19 шілдеде күшіне енген, 2015 жылғы 8 қыркүйектегі Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі іс-қимылды үйлестіру туралы шартты іске асыру тетіктері қаралатын болады. Тауар белгісіне, Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгісіне айрықша құқықты сарқа пайдалану қағидатын қолдануға қатысты  Еуразиялық үкіметаралық кеңес өкімінің іске асырылу барысы талқыланатын болады. Сонымен қатар комитет мүшелері Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызметтер көрсету белгілері мен тауарлардың шығарылған жері атаулары туралы шарт жобасы, Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісім жобасы бойынша қол қоюға қажетті мемлекетішілік рәсімдердің (МІР) өткізілуі туралы, сондай-ақ 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағы елдері зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама жобасы бойынша МІР аяқтау туралы ақпаратты қарайды. Бұдан өзге, күн тәртібіне Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі патенттік баждардың мөлшерлеріне, сондай-ақ Одақтың тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілері мен Одақ тауарларының шығарылған жері атауларын тіркеу, құқықтық қорғау және пайдалану процестерін ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуге, Еуразиялық одақ елдерінің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін жүргізуге қатысты мәселелер енгізілген.  Қырғыз Республикасының өкілі шаруашылық субъектілерін елде тауар белгісіне айрықша құқықты сарқа пайдаланудың өңірлік қағидаты қолданылуы жағдайында қызметті жүзеге асыруға бейімдеу жөніндегі Іс-шаралар жоспарын   Қырғызстанның іске асыруы туралы хабардар етеді. Жоспар республиканың Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуына байланысты қабылдаған  міндеттемелерін орындау шеңберінде әзірленген. Армения Республикасының  Одақ туралы шартқа қосылуға байланысты зияткерлік меншік саласында қабылдаған міндеттемелердің орындалуы туралы Армения өкілі айтып береді. Сонымен қатар кеңеске қатысушылар «Антиконтрафакт» халықаралық форумы туралы ереже жобасын;  Зияткерлік меншікті қорғауды үйлестіру және контрафактілі әрі заңсыз өнімге қарсы іс-қимыл орталығын құруды; ЕЭК Алқасының жанындағы Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитеті жанындағы Сараптама тобы туралы ереже жобасын; Одақ елдерінде кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайында франчайзингті дамыту саласындағы проблемалық мәселелерді талқылайды.