Жаңалықтар

31.03.2016

Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитеттің 7-отырысы

Бет мазмұны31 наурызда Бішкекте (Қырғыз Республикасы) ЕЭК Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Министрі Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссия жанындағы Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитеттің жетінші отырысы өткізіледі. Іс-шара барысында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шыққан жерлердің атаулары туралы шарттың жобасы бойынша, Ұжымдық негізде авторлық және сабақтас құқықтарды басқару тәртібі туралы келісімнің жобасы бойынша жұмыстарды талқылау жоспарланып отыр.   Мүше мемлекеттердің өкілдері 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағы елдерінің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімі туралы келісімге  өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы бойынша мемлекетішілік рәсімдерді, сондай-ақ Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру туралы шартты күшіне енгізуге қажет мемлекетішілік рәсімдерді өткізу туралы ақпарат ұсынады. Бұдан басқа, отырысқа қатысушылар уәкілетті органдар мен Еуразиялық экономикалық комиссияның зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау саласындағы өзара іс-қимылы Регламентінің жобасын, «Антиконтрафакт» халықаралық нысаны туралы ереженің жобасын қарайтын болады. Зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықты пайдаланып болу қағидатын одан әрі қолдануға қатысты ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының қызметі туралы ақпарат ұсынылады. Сонымен қатар күн тәртібінде мынадай мәселелер бар:   - 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа қосылуына байланысты зияткерлік меншік саласында Армения Республикасы қабылдаған міндеттемелердің орындалуы; - телебағдарламалардың міндетті жалпыға қолжетімді топтамаларын шығарған және таратқан кезде туындылардың орындалуына авторлық сыйақы төлеу тәртібі; - ЕАЭО елдерінің нарықтарында контрафактілік және заңсыз өнімдердің таратылуына қарсы іс-қимыл жасау саласындағы үйлестіру тетіктерін құру қажеттігі; - ЕЭК Алқасы жанындағы Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитеттің жанында сараптамалық топ құру.