Жаңалықтар

01.12.2022 (Обновлено: 13.12.2022 10:38)

ФАО мен ЕЭК ЕАЭО елдері үшін АӨК-тегі биотехнологиялар бойынша бірлескен вебинар өткізді

29-30 қарашада Еуразиялық экономикалық комиссия Біріккен Ұлттар Ұйымы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО) бірлесіп, «Өсімдіктер селекциясындағы заманауи биотехнологиялар және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің гендік-модификацияланған сұрыптарының айналымын реттеудің халықаралық тәжірибесі" вебинарын өткізді.

"Заманауи биотехнологиялар ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Алайда осымен бір мезгілде қоршаған орта мен адамдардың денсаулығы үшін әдейі жасалмаған нұқсан тәуекелдері орын алады. Сол себепті бұл саланы халықаралық сарапшылар ұсынатын озат әлемдік тәжірибені ескере отырып, теңгерімді реттеуді тұжырым дау маңызды",- деп атап көрсетті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян. ,
Өз кезегінде ФАО бас директорының орынбасары, Еуропа мен Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі Владимир Рахманин: 
"Салалық, қолданбалы ғылымды және әсіресе биотехнологияларды дамыту ауыл шаруашылығының сапалы жаңа трансформациясы үшін кең перспективалар ашады. Ұзақ мерзімдік перспективада бұл технологиялар орнықты ауыл шаруашылығын дамытудың базалық шарты болуы мүмкін",- деп атап өтті.

Вебинарға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары мен ұйымдарының өкілдері қатысты, іс-шараға тіркеу ашық болды.

Спикерлер гендік-модификацияланған организмді пайдалану тәуекелдерін бағалауға орайлас тәсілдемелерді, биоқауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасының ережелерін, ГМО-ны реттеудегі Оңтүстік Корея мен Еуропалық одақтың тәжірибесін ұсынды. Іс-шараның нәтижелері ЕАЭО шеңберінде тұқымдар нарығын дамыту жөніндегі бұдан арғы интеграциялық жұмыстар мен Одақтың агроөнеркәсіп секторының тиімділігін арттыру кезінде ескерілетін болады.

Іс-шара ФАО-ның Еуропа мен Орталық Азияға арналған Өңірлік өкілдігінің, сондай-ақ ФАО-ның Ресей Федерациясымен байланысқа арналған бөлімшесінің күш-жігері арқасында мүмкін болды.

Анықтама

Іс-шара 2013 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде болып өтті.